16.08.2019, 19:35 23478

Қазақстанда "Пәтер" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын жасалған 355 пәтер ұрлығы ашылды. Пәтер ұрлығы үшін 318 адам ұсталды және 14 қылмыстық топтың жолы кесілді.

Нұр-Сұлтан.16 тамыз. Kazakhstan Today - Пәтер ұрлығының алдын алу және ашу бағытындағы қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 12-14 тамыз аралығында "Пәтер" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын жасалған 355 пәтер ұрлығы ашылды. Пәтер ұрлығы үшін 318 адам ұсталды және 14 қылмыстық топтың жолы кесілді. Ұрланған мүлікті сатып алу және өткізу бойынша 1 240 орын пысықталды, осы шара барысында ұрланған мүлікті сатып алатын 59 адам анықталды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері жүрізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрамында 4 адам бар қылмыстық топ ұсталды, обұл топтың қала аумағында 20 пәтер ұрлығына және Түркістан облысында 7 ұрлық фактісіне қатысы бары анықталды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған қала тұрғынын қолға түсірді. Бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін оның үстінен қосымша қылмыстық іс қозғалды.

Атырау облысында пластикалық терезелерді қысу арқылы 6 пәтерді тонаған қылмыстық топ ұсталды. Айғақты заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны