10.07.2019, 19:32 12690

Қазақстанда "Паутина" есірткіге қарсы операциясы өтіп жатыр

Іс-шараға Үндістанның, Қазақстанның, Қытайдың, Қырғызстанның, Пәкістанның, Ресейдің, Тәжікстанның, Өзбекстанның есірткіге қарсы бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ Ауғанстаннан, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен ОАӨАҮО бақылаушылары қатысты.

Нұр-Сұлтан. 10 шілде. Kazakhstan Today - 8 шілдеде Алматыда есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия ақпараттық үйлестіру орталығының базасында "Паутина"халықаралық есірткіге қарсы операциясын ашу жөнінде кеңес өткізілді.

Іс-шараға Үндістанның, Қазақстанның, Қытайдың, Қырғызстанның, Пәкістанның, Ресейдің, Тәжікстанның, Өзбекстанның есірткіге қарсы бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ Ауғанстаннан, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен ОАӨАҮО бақылаушылары қатысты.

"Паутина" операциясын жүргізудің қажеттілігі мен өзектілігі туралы тиісті ережелер ШЫҰ-ның 2018-2023 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясында және оны іске асыру жөніндегі шаралар жоспарында бекітілген.

ШЫҰ форматында "Паутина" операциясын өткізу бастамасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевқа тиесілі. Ол алғаш рет 2017 жылғы маусымда Мемлекет басшыларының Астана саммитінде айтылды және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің барлық басшыларымен қолдау тапты.

Операцияға қатысушылардың құрамы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара іс - қимыл жасайтын органдары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға және бақылаушы мемлекеттермен пәрменді өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік берді.

"Паутина" операциясын жүргізу кезінде бірлескен іс-шараларды өткізу кезінде өңірлік ұйымдар мен бірлестіктердің өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, олардың жұмысын үйлестіру және ынтымақтастық тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Есірткі бизнесіне қарсы күресте практикалық бағыты бар мұндай іс-шара ұйым форматында алғаш рет өткізіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны