05.04.2023, 09:38 35216

Қазақстанда шегірткеге қарсы күреске 3,8 млрд теңге бөлінді

Түркістан облысында 8-9 сәуірде өңдеуді бастау жоспарлануда
Астана. 5 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Биыл үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
 

Мамандардың болжамы бойынша шегіртке 1,6 млн га аумаққа таралуы мүмкін. Бүгінгі таңда 385,3 мың га алаңда пестицидтердің қажетті қоры қалыптастырылды. Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылып, мониторинг және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді", - деп хабарлады АШМ.

 
Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылатын болады.
 
Бүгінгі таңда Түркістан облысында мароккалық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізілді. 8-9 сәуірде өңдеу іс-шараларын бастау жоспарланып отыр.
 

Басқа аймақтарда жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошақтары анықталған кезде басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл туралы Қазақстанның АШМ-ның мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен алдын ала келісті", - деп қосты ведомствода.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны