10.08.2026, 09:45 22646

Қазақстанда шекарадан жүк көліктерін өткізуге қойылатын бақылау күшейтіледі

Қазақстанда шекарадан жүк көліктерін өткізуге қойылатын бақылау күшейтіледі
Сурет: Depositphotos
Қазақстанда мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінен жүк көліктерінің өтуіне қойылатын бақылау күшейтіледі. Бұл мәселе Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтегі жедел кеңесте талқыланды.

Кеңес барысында "Әлімбет", "Жайсаң" және "Сырым" өткізу пункттеріндегі жағдай қаралды.

"Қазақстанның өткізу пункттері штаттық режимде тәулік бойы жұмыс істеп тұр",- деп мәлім етті  ҰҚК Шекара қызметінен.


Маусымдық кезеңде транзиттік тасымалдардың өсуіне байланысты билік автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуға бақылауды күшейтті. Бұл өз кезегінде бақылау рәсімдерінен өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, басым өткізу пункттерінің маңында жүргізушілерге арналған сервистік күту аймақтары салынады және де бұл жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша Көлік министрлігі мен басқа да тиісті мемлекеттік органдарға автокөліктердің үздіксіз әрі жедел өткізілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жедел штабтар құрылды.

Жағдай Үкіметтің бақылауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны