11.07.2026, 11:38 47686

Қазақстанда шілде айының басынан бері қандай жаңа зауыттар, жолдар және гидротехникалық нысандар іске қосылды

Қазақстанда шілде айының басынан бері қандай жаңа зауыттар, жолдар және гидротехникалық нысандар іске қосылды
Сурет: ЖИ
Шілде айының басынан бері Қазақстан өңірлерінде бірқатар жаңа өндірістер іске қосылып, көлік инфрақұрылымы жаңғыртылып, су шаруашылығы саласындағы ірі жобалар аяқталды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ең ауқымды жобалардың бірі - 30 теміржол вокзалын қайта жаңғырту болды. Вокзалдардың шатыры, қасбеті және инженерлік желілері толық жаңартылды. Сонымен қатар кедергісіз орта қалыптастырылды: пандустар, лифтілер, тактильді жолақтар және арнайы кассалар орнатылды.

Алматы облысында ұзындығы 1,5 шақырым болатын Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының апатты учаскелері қайта жаңғыртылды. Соның нәтижесінде каналдың өткізу қабілеті артты, су шығыны азайды және шамамен 33,3 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабын сумен қамтамасыз ету жақсарды.

Алматы облысында Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 1,5 шақырым болатын апатты учаскелерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде каналдың су өткізу қабілеті артып, су шығыны азайды және өңірдегі шамамен 33,3 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабын сумен қамтамасыз ету жақсарды.

Түркістан облысында жаңғырту жұмыстарынан кейін ұзындығы 26,15 шақырым болатын "Найман" су каналы пайдалануға берілді. Жөндеу барысында бетон төселіп, 75 гидротехникалық нысан салынды. Жаңарту нәтижесінде суды тасымалдау кезіндегі шығын азайып, ауыл шаруашылығы алқаптарын суару тиімділігі артады.

Сондай-ақ, өңірдегі "Turan" арнайы экономикалық аймағында іске қосылған тағы бір өндірістік жоба - электр құрал-жабдықтарына арналған металл шкафтарын өндіретін зауыт. Жобаға 1,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорын жылына 12 мыңға дейін өнім өндіріп, 100-ге жуық жергілікті маманды жұмыспен қамтиды.

Сауран ауданында облыстық маңызы бар "Түркістан - Кентау - Еңбекші - Дихан" автомобиль жолының 4 шақырымдыө учаскесі жөнделді. Биліктің мәліметінше, республика бойынша жөндеу жұмыстары басталғалы бері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 120 шақырымына асфальт төселген.

Ақтөбеде грек-рим және еркін күреске арналған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Кешенде бір мезгілде 200 спортшы жаттыға алады.

Батыс Қазақстан облысында Тоған ауылындағы Киров су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Жаңартылған инфрақұрылым су қорын тиімді реттеуге, тасқын және қар суын қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беріп, жақын маңдағы елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны