02.02.2021, 19:06 8495

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жөніндегі Басқарушы комитет құрылды

Комитет басшысы болып Жанар Тайжанова тағайындалды.
Нұр-Сұлтан. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жөніндегі Басқарушы комитеттің құрылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Комитетке Агенттіктің барлық жобаларының қызметін үйлестіру мен мүдделі мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен нәтижелі өзара іс-қимылды нығайту бекітілген.
 

Мұндай тәжірибе бұрын мемлекеттік органдарда қолданылған жоқ. Бұл тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түйінді көрсеткіштері мен мақсаттарына қол жеткізуге және қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған жобалық міндеттер мен іс-шараларды іске асыруды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларының қатарына "Adaldyq alany", "Adal komek", "Ашық бюджет", "Адал фарм", "Sanaly urpaq", "Адал жол", "Сапалы жол", "Protecting Business and Investments" және "Цифрлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет" сияқты бастамалар кіреді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 
Комитет басшысы болып 2017 жылдан бастап Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жобалық менеджментті дамыту орталығын басқаратын Жанар Тайжанова тағайындалды.
 
Комитет жанында қоғамның белсенді өкілдері мен жоғары білікті салалық мамандар мен сарапшылар қатарынан сараптамалық кеңес жұмыс істейтін болады. Олардың қатысуы бірқатар бағыттар мен салаларда сыбайлас жемқорлықпен байланысты елеулі проблемаларға жобалардың нақты назары аударылуының өзектілігін арттырады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны