15.09.2026, 12:14 27848 / 5222

Қазақстанда тауарлар мен қызметтерге стейблкоиндермен есеп жасауға рұқсат беру жоспарлануда

Қазақстанда шығарылған стейблкоиндарды тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеу үшін пайдалану жоспарлануда, деп мәлім етті Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

"Тауарлар мен қызметтерге, экспорттық-импорттық операцияларға және трансшекаралық аударымдарға ақы төлеу үшін Қазақстанда шығарылған стейблкоиндерді пайдалану жоспарлануда, бұл есептеулерді жеделдетуге және бизнес шығындарын азайтуға, сондай-ақ арнайы салық режимін құруға мүмкіндік береді", - деді Ұлттық банк басшысы.


Стейблкоин - құны белгілі бір активке, мысалы, ұлттық валютаға немесе долларға байланыстырылған цифрлық активтің бір түрі. Мұндай байланыс кәдімгі криптовалюталармен салыстырғанда оның құнының ауытқуын азайтуға мүмкіндік береді.

Сүлейменовтің айтуынша, Қазақстанда шығарылған стейблкоиндарды пайдалану есеп айырысуды жеделдетуге және бизнестің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл шара цифрлық активтер нарығын дамыту жоспарына кіреді. Атап айтқанда, реттеуші лицензияланған провайдерлердің функцияларын кеңейтуді көздеп отыр. Нарықта цифрлық активтерді шығара алатын, сата алатын, айырбастайтын және сақтайтын, сондай-ақ есеп айырысуды жүзеге асыратын толық циклді компаниялар пайда болуы тиіс.

Операцияларға банктерді, брокерлерді және басқа да дәстүрлі қаржы ұйымдарын тарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Ұлттық банк орталықтандырылмаған қаржыны (DeFi) реттеу тәсілдерін әзірлеуді көздеп отыр. Ол үшін қолданыстағы бизнес-модельдер мен жаңа бағдарламаланатын сервистерді енгізу мақсатында смарт-механизмдерді пайдалану мүмкіндіктері зерттелмек.

2026 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанда цифрлық активтер нарығын реттеудің кешенді жалпыұлттық моделі қолданылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны