13.07.2026, 15:20 27616

Қазақстанда әуе билеттерін қайтару және жолаушыларды тасымалдау қағидалары өзгертіледі

Қазақстанда әуе билеттерін қайтару және жолаушыларды тасымалдау қағидалары өзгертіледі
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына енгізілтін өзгертулерді әзірледі.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 27 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Аталмыш құжатта әуе билеттерін рәсімдеу және қайтару, орын брондау және тасымалдау шартын жасау тәртібі нақтыланған. Сондай-ақ, жолаушылар мен әуе компанияларының құқықтары мен міндеттері де айқындалған.

Талқылауға ұсынылып отырған жоба жолаушылардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың, кәмелетке толмағандардың және жүкті әйелдердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады. Сонымен қатар, рейстер кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда қызмет көрсету тәртібі нақтыланады.

Бұдан бөлек, ұлттық музыкалық аспаптар мен жануарларды ұшақ салонында тасымалдау қағидаларын да жаңарту ұсынылады.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, енгізілетін өзгерістер жолаушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны