23.02.2021, 19:33 9216

Қазақстандағы ҰСО зертханаларында коронавирусқа 2 миллионға жуық зерттеу жүргізілді

66 мыңнан астам сынама оң нәтиже берді.
Нұр-Сұлтан. 23 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында коронавирустық инфекцияға 1,9 млн зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Оның ішінде 66 мыңнан астам сынама оң нәтиже берді. ҰСО зертханаларында орташа есеппен тәулігіне 5 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Тестілеу 16 филиалда өткізілді. Аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат республика бойынша 485 маман COVID-19 талдауларын зерттеуге жұмылдырылды", - деп хабарлайды ҰСО баспасөз қызметі.

 
Өткен жылғы пандемия кезінде дезинфекциялық қызметтер де үлкен жұмыс атқарды, демалыссыз, төтенше жағдай туындаған кезде тәулік бойы жұқпалы аурулардың ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізді. 
 

Дезинфекциялау жұмыстары тұрғын және кеңсе үй-жайларында, ұшақтардың салондарында, карантиндік және провизорлық орталықтарға авиажолаушыларды тасымалдайтын автобустарда, сондай-ақ жолаушылардың багажында жүргізілді. Сондай-ақ, сауыққан науқастар мен олармен байланыста болған тұлғалар шығарылғаннан кейін стационарлар мен орталықтар дезинфекцияланды. Өткен жылдың 10 айында дезинфекциялық бөлімдердің 592 маманы 40 мыңға жуық ошақты өңдеді. Бүгінгі таңда ҰСО мамандары COVID – 19-ға зерттеулер жүргізуді және ошақтарды дезинфециялауды жалғастыруда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны