02.11.2019, 14:57 15148

Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 75%-ы - жалақысы төмен орта және төменгі буындағы мемлекеттік қызметкерлер

Бүгінде мемлекеттік органдарда бюджеттік үстемесіз мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын кем дегенде нақты 2 есеге арттыруға мүмкіндік беретін резервтер бар.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - 31 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының нәтижелері талқыланған алқа отырысы өтті.

Алқа жұмысына "Nur Otan" партиясының, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары мен аппарат жетекшілері, сонымен қоса жұртшылықтың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері және т.б қатысты.

Алқа отырысында агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелерін қорытындылады.

Сонымен қоса, отырыста ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Малик Мурзалин ("Мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру тәсілдері туралы"), Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов (""Шығыс Адалдық Алаңы" жобасын іске асыру тәжірибесі туралы"), ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов ("Мемлекеттің құқықтық саясатын насихаттау қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тетіктерінің бірі ретінде"), "Nur Otan" партиясының хатшысы Марат Сембеков (""Нұр Отан" партиясының қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын іске асырудағы рөлі"), Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, жазушы, режиссер Ермек Тұрсынов ("Адамгершілік пен парасаттылықты мәдениет арқылы ілгерілету"), Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғам қайраткері Аружан Саин ("Қайырымдылық - қоғамда парасаттылықты насихаттау факторы ретінде") сөз сөйледі.

Отырысты ашқан Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес құқық қорғау органыретінде қайта құрылуының маңыздылығын және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бірнеше басты қырын атап өтті.

Ең алдымен, Агенттіктің заңнамалық бастамаларына тоқталды.

"Мемлекет басшысының 20 мамырдағы тапсырмаларына сәйкес агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты жобаларға тоқталайын. Бұл мемлекеттік орган басшыларының - саяси мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кетуін енгізу (тікелей бағынышты адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін); мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары басшыларының жеке тәртіптік жауапкершілігі (бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын қабылдамағаны үшін); нормативтік құқықтық актілердің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді қалпына келтіру.Осы үш бастама Президенттің қол қоюына жолданған заң жобасында көрсетілген",- деді Алик Шпекбаев.

Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауларына сәйкес Агенттік "Еститін мемлекет" тұжырымдамасы дәйекті түрде іске асыруда.

Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері түбегейлі қайта қаралды.

"Біз және біздің "Адалдық алаңы" жобалық кеңселеріміз көмегімен әр өтініш мұқият қарастырылып, мәселелер оң шешіледі.

Оған дәлел ретінде 2 мыңнан астам азаматтың бұзылған құқықтарының қалпына келтірілгенін айтуға болады", - деп өз сөзінде А. Шпекбаев атап өтті.

Басқа қалалық азаматтарды қабылдау ыңғайлы әрі қолжетімді болу үшін бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізіледі.

Агенттік қызметкерлері қоғамдық белсенділерді қатыстыра отырып, мобильдік қабылдау бөлмелері шеңберінде "халықтық заңгер" қағидаты бойынша құқықтық көмек көрсету үшін ауылды жерлерге барады.

Агенттіктің ааматтармен кері байланысының тағы бір арнасы - "Агенттіктің Call-орталығы 1424".

Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесі бойынша бүгінде ұстанымына берік азаматтардың хабарламаларының негізінде де қылмыстық істер қозғалуда.

Ағымдағы жыл ішінде келіп түскен 3,5 мың қоңыраудың 600-ге жуығы тіркелген.

Расталған фактілер бойынша 44 қылмыстық іс тергелуде.

Өткен жылмен салыстырғанда қоңыраулар (2018 жылдың осы уақыт аралығында 388) және тергеліп жатқан істер (21) іс жүзінде екі есе өскені байқалады.

Өз сөзінде Агенттік төрағасыА.Шпекбаев соңғы үш жылда кешенді алдын-алу шараларының нәтижесіндесыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың саны 14% азайғанын атап өтті. Қылмыстың негізгі бөлігі -парақорлық (850), ұрлық (714) және билікті асыра пайдалану (224)фактілері. 1028 тұлғаәшкерленді, оның 23-і республикалық және 86-ы облыстық деңгейдегі басшылар.

Оның айтуынша, келтірілген залалдың мөлшері едәуір артқан - 23,2 млрд. теңге (өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп; 2018 жылдың 9 айында 13,5 млрд. теңге), оның 94%-ы өтелген.

Алик Шпебаев Агенттіктің міндеттеріне тоқтала өтіп, олардың бастыларының бірі - сыбайлас жемқорлықтың жүйелік фактілерін орындаушыдан ұйымдастырушыға дейінгі қылмыстық схеманы анықтауекендігін атап өтті. Жыл басынан бері осындай 92 жағдайдың жолы кесіліп, 347 тұлға әшкерленген.

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау нәтижесінде 181 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, 287 лауазымды тұлғалардың бизнеске заңсыз араласу фактілері анықталды, 198 адам жауапкершілікке тартылды, 85 адам сотталды, 282 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар, Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларын жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Алик Шпекбаев алқа отырысында атап өткендей:"Азаматтар өмірінің сапасы мен табысын арттырудың басты факторларының бірі кәсіби, тиімді, ең бастысы сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады".

Өз кезегінде, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшпеген мемлекеттік органдарда атқарушылық қызметтегі 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілердің қазіргі уақыттағы жалақысы - ел бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындылығын арттыру бойынша атқарылған ауқымды жұмыстарға, кешенді алдын алу және жазалау шаралары қарамастан, мемлекеттік қызметшілер жалақысының қазіргі деңгейі сыбайлас жемқорлықты азайтуды айтарлықтай тежеуде.

Мысалы, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде (Сингапур, Гонконг, ЕО елдері) жалақы көлемін түбегейлі арттыру сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі шарты болып табылып, мемлекеттік аппаратқа жоғары білікті кадрлардың келуін қамтамасыз етті.

Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда соңғы 5 жылда сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 75%-ы - жалақысы төмен орта және төменгі буындағы мемлекеттік қызметкерлер.

Бұл ретте, жалақыны арттыру бюджетке қосымша ауыртпалық түсірмеуі тиіс.

Ол үшін мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын кешенді оңтайландыру қажет.

Қазақстанда бұл үшін құқықтық негіз қалыптасқан, атап өтсек, бірінші басшылар мемлекеттік органның штаттық саны мен ұйымдық құрылымын дербес анықтай алады, ал үнемделген қаражат жалақыны арттыру үшін олардың иелігінде қалады.

Бүгінде мемлекеттік органдарда бюджеттік үстемесіз мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын кем дегенде нақты 2 есеге арттыруға мүмкіндік беретін резервтер бар.

"Атап айтқанда, экономикалық тергеу қызметі штаттық санын 40%-ға қысқартты, біз бұл деңгейді жыл соңына қарай 25%-ға дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек, 2018 жылы мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларының 30%-ы қысқартылса, 2020 жылы тағы 10%-ын қысқарту күтілуде", - деді А. Шпекбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдарды оңтайландыру бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуде де оң әсер етеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны