10.08.2026, 11:08 23756

Қазақстанда "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды

Тиісті Жарлық 2026 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енеді
ҚР пезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жанындағы "Заң және тәртіп" конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның өкілеттігін кеңейтіп, тиісті Жарлыққа 2026 жылғы 3 тамызда қол қойылды.

Құжатқа сәйкес, бұған дейін құқық бұзушылықтардың алдын алумен айналысқан комиссия енді мемлекеттік органдардың осы саладағы жұмысын ғана емес, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыруды да үйлестіреді.

"Жаңадан құрылған комиссия тиісті бағдарламалардың орындалу барысын қарастырып, мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларының есептерін тыңдай алады, ұсынымдар әзірлеп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізеді",- деп айтылған хабарламада.


Сонымен қатар, комиссия жанынан ведомствоаралық топ құрылады. Ол мемлекеттік органдардың жұмысын талдап, ұсынымдар дайындаумен айналысады.

Комиссияның негізгі өкілеттіктеріне Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы қорытынды есепті және "Заң және тәртіп" қағидатын кейінгі жылдары жүзеге асыру жөніндегі бағдарламалық құжаттың жобасын дайындау да енгізілді.

Жарлықпен комиссияның құрамы бекітілді. Оның төрағасы премьер-министр, төрағаның орынбасары ішкі істер министрі, ал хатшысы ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы болады.

Комиссия құрамына сондай-ақ бас прокурор, ҰҚК төрағасы, премьер-министрдің орынбасарлары, министрліктер мен бірқатар мемлекеттік агенттіктердің басшылары кіреді.

Жарлық 2026 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны