19.09.2022, 16:41 15631

Қазақстанда жалған терроризм жағдайлары жиілеп кетті - ІІМ

Қазақстанда жалған терроризм жағдайлары жиілеп кетті - ІІМ
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 19 ҚЫРКҮЙЕК - Биыл елімізде "терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату" бойынша сотқа 14 қылмыстық іс жолданған.
 
Бүгін Ішкі істер министрлігі "Терроризм актісі туралы жалған хабарламаның алдын алу, ашу және тергеу бойынша қабылданған шаралар туралы" брифинг өткізді. Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Дархан Разуевтың айтуынша, "жалған терроризм" фактілері мен қаскүнемдердің әртүрлі әрекеті тыйылмай тұр.
 

Соңғы кезде Астана мен Алматыда, сондай-ақ еліміздің кейбір өңірлерінде ірі сауда-ойынсауық орталықтары, әуежайлар, мекетптер, сот ғимараттары белгісіз адамдар тарапынан анонимді шабуылдар ұшыраған. Осыған байланысты "терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тарату" ауыр қылмыс саналатынын тағы да ескерткім келеді" — деді Дархан Разуев.

 
Оның айтуынша, мұндай әрекетке барған адамның болашақта жұмысқа орналасу, қаруға рұқсат алу, шетелге шығу үшін виза алу кезінде қиындықтар туындайды. Бұдан бөлек осындай қылмысқа барған адамдардың жақын туыстары үшін де кедергілер болады.
 

Биылғы 8 айда "терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату" бойынша сотқа 14 қылмыстық іс жолданып, 13 сот үкімі шықты. 7 адам бас бостандығынан айырылып, 4-еуінің бас бостандығы шектелді. Ал 1 азаматқа мәжбүрлі медициналық шара қыбылданды", — деді полиция полковнигі.

 
Сондай-ақ ол "ғимаратқа бомба қойылды" деген сияқты жалған ақпарат таратқыштарға қолданылатын жаза түрлері туралы да айтты. Мәселен адмның сөзі мен әрекеті Қылмыстық кодекстің 273-бабында (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) көзделген қылмыстық-қудалау құрамына әкеп соғады.
 

Осындай қылмыс жасағаны үшін 5 мың АЕК (15,9 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл не болмаса осы мөлшерде түзету жұмысына, сондай-ақ 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделген", — деп ескертті Дархан Разуев.

 
Ақпарат көзі: exk.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны