02.06.2021, 21:04 18127

Қазақстанда жерді пайдалану мен қорғауға бақылау күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - Мәжілісмендер жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау заң деңгейінде күшейетінін алға тартқан Нұрлан Нығматулин: 
 

Бұл құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленді. Осы заң жобасы бойынша, ең алдымен, халқымыздың назарында жүрген өте маңызды жер мәселесі бойынша нақты шешім қабылданды. Ең бастысы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға беру заңмен бекітілді. Осы мәселеге қатысты қоғамда әртүрлі пікірлер, әртүрлі ойлар айтылды", - деді. 

 
Жалпы, заң жобасында жерді жеке меншікке беру 5 жылға тоқтатылады. 
 
Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, қазақстандықтардың ауыл шаруашылыққа бағытталған жерлерін мемлекеттен сатып алмай, жалға беру құқығын иеліктен шығаруы мүмкіндігі қарастырылған. 
 
Осы ретте, Палата Спикері жалпы заң жобасы жеке мал жаю үшін қажетті жайылым тапшылығын шешуге ықпал етіп, сондай-ақ, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы да күшейетінін атап өтті.
 
Заң жобасында мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылатын, ұзақ мерзімдік жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша ақпаратқа (дербес деректерді көрсетпей) ашық қолжетімділік беру көзделеді.
 
Депутаттар бірінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске заңнамалық түзетулерді мақұлдады. Заң жобасы қабылдаушы тараптың қызметкерлерімен салыстырғанда жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты кемсітушілік үшін қабылдаушы тараптың әкімшілік жауапкершілігін белгілеуге, алауларда және стационарлық көздерде газ жағудан ластаушы заттардың шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде кемсітушілік тәсілді жоюға бағытталған.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжіліс депутаттары отандық кәсіпкерлерді заңсыз қысымнан қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны