23.06.2019, 23:28 7716

Қазақстанда жол құрылысына қатысты 2,7 млрд. теңге сомасында мемлекетке залал келтірген 100-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген

Қылмыстық жауапкершілікке 55 адам тартылды, оның 24-і бүгінгі күні сотталған.

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда жол құрылысына қатысты 3,5 жыл ішінде 2,7 млрд. теңге сомасында мемлекетке залал келтірген 100-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген.

Қылмыстық жауапкершілікке 55 адам тартылды, оның 24-і бүгінгі күні сотталған.

Мысалы, "Алматыжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Кенжеғұл параның жиырма еселенген сомасында, яғни 40 млн.теңге көлемінде жол салу кезінде материалдарды арзанырақ етіп өзгертуді келіскені үшін жалпы сомасы 2 млн. теңгеге пара алғаны үшін сотталды.

Сотталушы сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Павлодар облысында "Павлодаржолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, "ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғам филиалының директоры және оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Аталған тұлғалар "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Астана-Павлодар" және "Павлодар-Семей" жолдарын салу мен қайта жаңартуды жүзеге асыру барысында мердігерлік ұйымдардың өкілдерінен жүйелі түрде пара алған.

Бұл адамдарға қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында "ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамның облыстық филиал басшыларына қатысты қылмыстық істер тергелуде.

Бұл кәсіпорынның директорымен орынбасары мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алуда және құрылыс кезінде орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою жолымен бюджет қаражатын ұрлауы бойынша күдікті.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны