04.09.2020, 20:55 10107

Қазақстандық команда "Танк биатлоны" сайысын аяқтады

Мәскеу маңындағы "Алабино" полигонында аяқталған жартылай финалдың қорытындысы бойынша қазақстандық танкішілер екінші айналымда жарыс қожайындарынан кейін уақыт бойынша екінші болып, Өзбекстан мен Қырғызстан қарсыластарынан озып шықты.

Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандық команда "Танк биатлоны" сайысын аяқтады.

Мәскеу маңындағы "Алабино" полигонында аяқталған жартылай финалдың қорытындысы бойынша қазақстандық танкішілер екінші айналымда жарыс қожайындарынан кейін уақыт бойынша екінші болып, Өзбекстан мен Қырғызстан қарсыластарынан озып шықты.

Сайыс қатысушылары жартылай финалда эстафета түрінде өзара бақ сынасты. Әр елден үш экипаж кезектесе отырып, үш атыс шебі мен 10 кедергілері бар жалпы ұзындығы 16 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті. Қазақстандық жауынгерлер трассадан сенімді өтті. Ал атыс шебіндегі жекелеген дәлсіздіктер әскери қызметшілердің дистанциядан өту шеберлігімен өтелді.

Жарыстың ережесіне сәйкес финалға қатысушыларды іріктеуде, жүру барысында бірінші орынды еншілеу емес, бастысы арақашықтықты өту уақыты болып табылады.

Жартылай финалда осындай нәтиженің болуы біздің танкішілердің қуаты 840 арғымақтың күші бар танктің базалық моделінде, ал Ресей, Беларусь және Қытай қатысушылары жетілдірілген танктерде өнер көрсетуі ықтимал болуы мүмкін. Атап айтқанда, ресейліктер мен белорустер қуаты 1130 арғымақтың күші бар қозғалтқышы және командирдің панорамалық тепловизиялық құралы бар жаңартылған Т-72Б3-М әскери машиналарын қолданады. Қытай командасы өзінің Type-96В танкілерінде жарыстарға қатысады. Ашық көздерден алынған мәліметтерге сәйкес, аталмыш танкіде 1200 арғымақтың күші бар қуат қондырғысы, сонымен қатар визуалдау, басқару және қуаттау механизмдері бар.

Сонымен қатар, қазақстандық команда өнер көрсеткен күні желді ауа-райының қолайсыздығы, негізгі бәсекелестеріміздің алғашқы жартылай финалдық жарысықан қолайлы күндерден қатты ерекшеленді.

Бұл факторлар қазақстандық танкішілердің жоғары кәсібилігі мен шеберліктеріне қарамастан жартылай финалдың нәтижесін алдын ала анықтады. Сонымен қатар, біздің командаға финалға шығу үшін қажетті уақытты көрсетуге мүмкіндік бермеді.

Жартылай финалдың нәтижелеріне сәйкес уақыт бойынша ең жақсы 4 командалар анықталды: Әзірбайжан, Беларусь, Қытай және Ресей. Финалға шыққан аталмыш командалар 2020 жылғы 5 қыркүйекте өтетін Армия халықаралық ойындарының соңғы күнінде өтетін танк биатлонында жарысады.

Айта кету керек, танк биатлонына қатысушылардың дайындық деңгейі, бәсекелестігі жылдан жылға артып келеді. Біздің танкішілер тартысты күресте 16 қатысушы ел арасында бесінші орынға ие болды. Олар қысылтаяң жағдайларда өздерінің берік мінез, мақсатқа жетудегі табандылық, жеңіске деген ерік-жігер сынды қасиеттерін көрсете білді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны