14.08.2019, 00:03 12389

Қазақстандық танкшілер сайыстың алғашқы кезеңінде бірінші болып мәреге жетті

Айта кетейік, "Танк биатлоны" сайысы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде әр қатысушы елдің үш танк экипажы командалық жұмысты көрсетіп, бір танкпен өзара ауыса отырып өнер көрсетеді.

Нұр-Сұлтан.14 тамыз. Kazakhstan Today - Мәскеу қаласының "Алабино" полигонында "Танк биатлоны" сайысының жеке жарыс кезеңі жалғасуда. 22 минут 16 секунд нәтижесімен отандық танкшілер бірінші болып мәреге жетті.

Қашықтықтан өту кезінде танк экипаждарына тек жылдамдықты ғана емес, сондай-ақ зеңбіректен, зениттік және қосарлы оқшашардан ату дәлдігін көрсету маңызды болды. Жақсы нәтиже көрсеткен команда айып шеңберінде қалмайды. Ауыр машинаны басқару шеберлігін сынау үшін бірқатар кедергілерден өту қажет. Шұңқырлардан, жыралар мен қорғандардан өту танктер сайысын қыздыра түсті. Біздің экипаж бұл кезеңдегі сынақтан сүрінбей өтті. Қазақстандық танкистер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жылдан жылға биатлонның мықты командаларының бірі ретінде өз шеберліктерін шыңдауда.

Айта кетейік, "Танк биатлоны" сайысы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде әр қатысушы елдің үш танк экипажы командалық жұмысты көрсетіп, бір танкпен өзара ауыса отырып өнер көрсетеді. Ал, финалдық кезеңде жүлделі орындарды иемдену үшін үздік танк экипаждарының төрттігі бәсекеге түседі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны