03.06.2021, 18:59 15080

Қазақстандықтар карантинді бұзғаны үшін 1,2 млрд теңге төледі

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАУСЫМ - Жыл басынан бері Қазақстанда карантин режимін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 31 мамыры аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 94 788 рейд жүргізіп, 585 393 нысанды тексерді. 16 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

 
Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіндігі, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулердің сақталмайтындығы, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылатындығы анықталды.
 
Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 іс сотқа жіберліп, 76 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.
 
Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны