23.09.2021, 20:39 11342

Қазақстандықтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Түркістан әуежайларында цифрлық жеке куәліктерін көрсете алады

QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.
ТҮРКІСТАН. 23 ҚЫРКҮЙЕК - Түркістан қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін енді "e-Gov Mobile" қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті көрсетуге болады. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін "e-Gov mobile" жүйесінде тіркелген пайдаланушы "Цифрлық құжаттар" сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдауы қажет. Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшар алдындағы тексеруден өтерде QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінде.

 
Ішкі рейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның, отандық әуе компаниялары мен әуежайларының және "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ-ның жүйелерді интеграциялау бойынша бірлесе атқарған күш-жігерінің нәтижесінде іске асырылды.
 
Цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде жұмыс істейді және әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Түркістан қалалары арасында қолжетімді. Осы әуежайлардың қызметін пайдалануды жоспарлап отырған жолаушыларға өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алып жүрген жөн болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны