27.02.2024, 13:08 32931

Қазақстандықтар оқулықтар мазмұнын талқылауға қатыса алады

Қазақстандықтар оқулықтар мазмұнын талқылауға қатыса алады
Биыл ақпанның 12-сінен бастап жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнына қоғамдық талқылаулар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы.

Talkylau.ebmso.edu.kz сайтында оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері сындарлы пікірлерін білдіре алады. Онда жаңадан әзірленген оқулықтар бар:

• 3-сынып үшін "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Орыс тілі" (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);

• 3,9-11 сыныптар үшін "Неміс тілі";

• 5-9 сыныптарға арналған "Жаһандық құзыреттілік" оқулықтары қағаз нұсқада;

• 3-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық/ Цифровая грамотность" пәні бойынша электронды оқулықтар.

Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды. Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет: веб-порталда тіркелу, оқулықтардың түпнұсқа-макеттерімен танысу және "түсініктеме қосу" тетігі арқылы оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қатысты сын-пікірлер, ұсыныстар мен ескертулерді жаза аласыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны