20.05.2025, 18:25 64761

Қазақстандықтар телефондарының верификация статусын IMEI арқылы тексере алады

Қазақстандықтар телефондарының верификация статусын IMEI арқылы тексере алады
Қазақстандықтар енді өздерінің мобильді құрылғыларының верификация статусын eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы тексере алады. Жаңа сервис Идентификациялық кодтар дерекқоры арқылы (ИКД) IMEI-кодтың тіркелген-тіркелмегенін анықтауға, сондай-ақ нақты құрылғыға байланған нөмірлердің санын білуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметінен.

IMEI (International Mobile Equipment Identity) - бұл әрбір ұялы байланыс құрылғысына берілетін бірегей 15 таңбалы нөмір. Ол құрылғының өндірушісі, моделі және жасалған елі туралы ақпаратты қамтиды.

Сервистің көмегімен пайдаланушылар өз құрылғыларының IMEI статусын тексере алады. Егер IMEI-код тіркелген құрылғылар базасында бар болса, жүйе оның желіде тіркелгені туралы хабарлайды. Егер код базада табылмаса, жүйе тексеріс жүргізіп, келесі ақпаратты көрсетеді: IMEI сәтті верификацияланған және Қазақстан Республикасында қолдануға болады немесе IMEI верификацияланбаған.

Бұдан бөлек, пайдаланушыларға ЖСН арқылы тексеру функциясы да қолжетімді. Ол арқылы өз ЖСН-ына қанша мобильді нөмір тіркелгенін білуге болады. Сондай-ақ IMEI-код бойынша абонентті тексеру сервисі бар, ол белгілі бір құрылғыны қанша абоненттік нөмір қолданғаны жөнінде ақпарат береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны