20.01.2021, 19:33 58051

Қазақстандықтардың 85% - ы МӘМС қатысушылары болды

Нұр-Сұлтан. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы 2020 жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған ӘМСҚ алдында тұрған міндеттер туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2020 жылдың қорытындысы бойынша жүйеде 15,9 млн адам немесе халықтың 85% қатысты. 
 

2020 жылдың 12 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) шамамен 550 млрд теңге аударылды. Ең ірі төлеуші мемлекет болды: азаматтардың 15 жеңілдік санаты үшін 297,6 млрд теңге енгізді. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін аударымдары жалпы сомасы 162,6 млрд теңгені немесе 30%-ды, сонымен қатар жеке тұлғалар жарналарының үлесі 16%-ды құрады", - деп хабарлады ӘМСҚ баспасөз қызметі.

 
2020 жылы Қордың медициналық қызметтерді сатып алу жоспары 1 807 млрд теңгені құрады және 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артты: 1 237,7 млрд теңге ТМККК, 569,3 млрд теңге МӘМС жұмсалды.
 

Есепті кезеңде халыққа амбулаториялық деңгейде 215 млн қызмет көрсетілді. 110 млн жуық қабылдау жүргізілді, оның 33 млн – бейінді мамандар, зертханалық зерттеулер саны 65 млн, диагностикалық процедуралар - 11 млн, оның ішінде 454 мың КТ/МРТ, 2,8 млн УДЗ, 13,5 мың ПЭТ диагностикасы", - деп түсіндірді Б.Төкежанов.

 
Сонымен қатар, өткен жылы күндізгі стационарға 1 млн астам емдеуге жатқызу жүргізілді: МӘМС жүйесінде - 578 мың. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда 2,7 млн жуық пациент ем алды - бұл әлеуметтік мәні бар ауруларды есепке алмағанда. Шұғыл госпитализация жағдайлары айтарлықтай төмендеді. 
 
Медициналық сақтандыру қаражаты есебінен 10 мыңға жуық жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді. Әрбір емделген жағдайдың орташа құны - 3,2 млн теңге.
 

Сондай-ақ, МӘМС қаражаты есебінен мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалатын операциялар санын көбейтуге мүмкіндік туды. Сонымен, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын емдеу операциялары бір жарым есе өсті, электромагниттік есту аппаратын имплантациялау саны 1,5 есе өсті. Осындай бір араласудың орташа құны орта есеппен 5,5 млн теңгені құрайды", - деп түсіндірді қорда.

 
Медициналық сақтандырудың тағы бір бастамасы халық үшін оңалтудың қолжетімділігін арттыру болды. Егер 2019 жылы медициналық оңалту көмегін көрсетуге Қор 64 ұйыммен келіссе, 2020 жылы бұл медициналық қызметтерді жеткізушілер саны 559 ұйымға жетті.
 

Өткен жылдың басынан бастап медициналық ұйымдар 31 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерін көрсетті, оның ішінде стационарлық жағдайда 132 мың оңалту жағдайы тіркелді. Олардың ең көп саны өткен жылдың соңғы тоқсанында болды. Бұған Covid-19 және коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарды оңалту да кіреді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге, 55,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
 
Коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде іс – шараларды қаржыландыруға Қор 187,7 млрд теңге, оның ішінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлеріне үстемеақыға – 110,9 млрд теңге; медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 53,9 млрд теңге; ПТР диагностика қызметтеріне – 19,7 млрд теңге, 550 мың мобильді бригадалардың шығуы өткізіліп, оған 3,2 млрд теңге бағытталды. Наурыздан желтоқсанға дейін 384 мың адам провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларға жатқызылды және емделді. 
 

Бір жыл ішінде жарты миллионға жуық медицина қызметкерлері қауіп-қатер деңгейіне байланысты жалақыға үстемақы алды. Жақында ынталандыру үстемелері 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында да төленеді деген шешім қабылданды", - деді Б.Төкежанов.

 
2020 жылы пандемияға байланысты біз бастамаларымыздың кейбір бөлігін жүзеге асыра алмадық, бірақ олардан бас тартпаймыз және осы жылы оларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Бұл ең алдымен амбулаториялық-емханалық деңгейдегі көмек, мектеп медицинасы, стационарды алмастыратын көмек, оңалтуды кеңейту және басқаға қаржыландыруды ұлғайту арқылы медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыру.
 
2021 жылғы желтоқсанның басында қор ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша медициналық қызметтердің негізгі көлеміне шамамен 1,5 трлн теңге сомаға сатып алуды жариялады. Болжам бойынша бұл сома 20% өседі деп күтілуде. 
 
Дәрігерлердің жалақысын 30% дейін және орта медициналық қызметкерлердің жалақысын 20% дейін арттыру, сондай-ақ ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жоспарланған, осы бағыт бойынша қаржыландыру көлемі 20% өседі.
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ЭКҰ қызметтерінің саны жеті есеге артты. Егер 2020 жылы 1000 астам отбасы ана мен әке болу қуанышын сезіну мүмкіндігін пайдаланса, 2021 жылы олардың саны 7 мыңға дейін артады", - деп қосты қорда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны