29.05.2019, 23:35 15269

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті

Кездесу барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Нұр-Сұлтан. 29 мамыр. Kazakhstan Today -Қазақстанның Тұңғыш Президенті кеше Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев көптеген мемлекеттер мен ұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақпен қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін және одақтың экономикалық серіктестерінің аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.

- Ертең осы жерде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысы өтеді. Сіз одақтың атқарушы органына төрағалық етіп, жүктелген міндеттерді табысты атқарып келесіз. Алға жылжи беруіміз керек, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Тигран Саркисян экономикалық одақты дамыту ісіндегі жетістіктерге тоқталды.

- Интеграцияны және Өзіңіз 25 жыл бұрын ұсынған идеяны тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Міне, 5 жыл бойы осы жобаны іске асырып келеміз. Өзіңіз ширек ғасыр бұрын көрегендік танытып, бұл бастама елдеріміз үшін аса қажет болды, - деді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны