Қазақстанның Жаңа кәсіптер атласы таныстырылды
НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі онлайн-конференция өткізді, оның шеңберінде орталық мемлекеттік органдар өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы таныстырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек министрлігінде атап өткендей, жаңа кәсіптер атласының көмегімен экономиканың қаралып отырған әрбір саласы бойынша түрлі құзыреттіліктерге қажеттілікті болжауға болады, бұл болашақ стратегиялық даму бағдарламаларының дәлдігіне оң әсер етеді. Бұдан басқа, бұл халықтың біліктілігін арттыруға деген түсінігі мен қызығушылығына, өзекті дағдыларға немесе сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға тартылуына әсер етеді.
Бүгінгі таңда Атлас негізінде білім беру стандарттарына бірқатар жаңалықтар енгізілуде. Мысалы, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің базасында "Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіруге арналған пилотсыз ұшу аппараттарының операторы" жаңа мамандығы бойынша оқыту басталды. Осы бағыттағы мамандарды даярлаудың өзектілігін Дон тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері растайды.
Бұдан басқа, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ТжКБ сыныптауышына мынадай мамандықтар мен біліктіліктер қосылды:
– "Робототехника және ендірілетін жүйелер (салалар бойынша)" мамандығы және "Робототехникалық жүйелер мен кешендерді монтаждаушы-реттеуші", "Мобильді робототехника технигі", "Өнеркәсіптік робототехника технигі" біліктілігі;
– "Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы" мамандығы және "Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар өндірісінің операторы" біліктілігі;
– "Өндірістің аддитивті технологиялары" мамандығы және "Аддитивті қондырғылардың операторы" біліктілігі;
– "Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе" мамандығы және "Сыртқы ұшқыш", "Пилотсыз авиациялық жүйелерді техникалық пайдалану жөніндегі техник-механик" біліктілігі;
– "Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері" мамандығы және "BIM-пайдаланушы", "BIM-техник", "Ғимаратты басқарудың зияткерлік жүйелеріне қызмет көрсету технигі" біліктілігі;
– "Жылжымайтын мүлікті басқару" мамандығы және "Көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы" біліктілігі;
– "Дестинацияны басқару" мамандығы және "Экологиялық туризм менеджері", "Туристік қызметтерді жылжыту жөніндегі менеджер", "Туристік ақпараттық орталықтың менеджері" біліктіліктері.
Атласты әзірлеу әдістемесі халықаралық тәжірибеге және экономика салаларын дамытудың әлемдік трендтерін ескеруге негізделген. Ол рапид форсайты (rapid foresight) технологиясы бойынша салалық сарапшылардың қатысуымен өндіріс, мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар және т. б. өкілдерінің қатысуымен болжамды сессиялар өткізуді қамтыды.
Атласта экономиканың басым 9 саласы: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс бойынша еңбек нарығын сыни түрде өзгертетін негізгі технологиялық трендтерге талдау жасалған. Құжатта кәсіптердегі таяудағы 5-10 жылға арналған өзгерістер болжанып, сондай-ақ 239 жаңа, 95 трансформацияланатын және 129 жойылып бара жатқан кәсіп айқындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша үш есеге төмендеді
Қазіргі уақытта министрлік өнеркәсіптік жылыжайлармен қызанақ пен қияр бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасасу бойынша келіссөздер жүргізуде", - деп хабарлады Айжан Бижанова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахтолық лагеріндегі жағдайға түсініктеме
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті
Мұнда Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу және бөлу бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйені кезең-кезеңімен енгізу туралы сөз болып отыр. Цифрландыру мен есепке алу су пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Сенімді деректердің болуы және бірлескен мониторинг мемлекеттер арасындағы сенімнің негізі болып саналады және су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.03.2026, 20:48Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық тандемді нығайтуды жалғастыруда 01.04.2026, 18:27 167166Қазақстан CERAWeek конференциясында мұнай саласын дамытудың басым бағыттарымен таныстырды31.03.2026, 21:15 166276Қазақстан мен Өзбекстан одақтастық қатынастарды дамытуды және стратегиялық диалогты нығайтуды жалғастыруда01.04.2026, 17:21 159746Қазақстан мен Сингапур сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда01.04.2026, 16:18 159701Қазақстан мен Вьетнам су ресурстары және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
17.03.2026, 17:12 292961Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 292736Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 292476Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді16.03.2026, 16:56 256171Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді20.03.2026, 09:23 252831Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

