30.11.2022, 11:16 15571

Қазақтың ит тұқымдарын сақтауға 1,4 млрд теңге бөлінеді

Мәжіліс депутаттары түзетулер жобасын мақұлдады
Астана. 30 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мәжіліс депутаттары қазақтың тазы мен төбет ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері жөніндегі заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
 
Қазақы ит тұқымын сақтау және көбейту мәселелері бойынша депутаттар бастамашы болған түзетулер де мақұлданып, Сенаттың қарауына жолданды.
 
Мақсаты - осы саладағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін құру.
 

Қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында құрылатын уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы жанындағы қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығына маңызды рөл беріліп отыр. Орталықтың негізгі құзыретіне бірыңғай асыл тұқымды кітап жүргізу, қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттер кіреді", - деді заң жобасы жөнінде баяндама жасаған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әмірхан Рақымжанов.


Заң жобасының нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қажет болады. Бұл сома 2022 жылғы 18 қазанда республикалық бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапты, деп хабарлады спикер.

Сондай-ақ мәжілісмендер Швейцариямен бағалы металдардан жасалған бұйымдарға сынамалық талдау таңбасын тану жөніндегі және Қытай Халық Республикасымен азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны