06.06.2014, 23:00 2472

Азаматтардың өтінішін дер кезінде қарау - Бас прокуратура қызметінің басым бағыты

Бас прокуратураға келген азаматтардың 47-і өтінішінің көпшілігі сот актісінің заңдылығын анықтау үшін жүгінген болса, қылмыстық іздестіру органдарының лауазымды тұлғаларының ісіне шағымданған. Осы арыз-шағымды қарастыру нәтижесінде 8-і қанағаттандырылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін дер кезінде және толықтай қарау прокуратураның бақылау қызметіндегі басты бағыттардың бірі болып табылады. Құқық бұзушылықты қалпына келтіру шаралары бойынша шағымданушылардың арыз-шағымдарын жан-жақты тексеруге баса назар аударылған.

Биылғы жылдың 5 айында Бас прокуратураның лауазымды тұлғаларының жеке қабылдауына 139 өтініш келіп түскен. Солардың ішінде 27-сі қанағаттандырылып, 78-і алынып тасталса, 15-і заңды анықтауға жіберілді.

Бас прокуратураға келген азаматтардың 47-і өтінішінің көпшілігі сот актісінің заңдылығын анықтау үшін жүгінген болса, қылмыстық іздестіру органдарының лауазымды тұлғаларының ісіне шағымданған. Осы арыз-шағымды қарастыру нәтижесінде 8-і қанағаттандырылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратура жетекшілігімен халықтың араласуына ыңғайлы және үйреншікті формасы ретінде "онлайн" режимдегі азаматтарды қабылдау болып табылады. Жаңа формат ыңғайлы әрі тиімді. Исіресе уақыт пен материалдық жағдайды үнемдеу арқылы азаматтардың еркін арыз бере алуына жағдай жасайды. Сол себепті халық осы форматта арыз-шағымдарын айтуға көптеп жүгінеді. Жыл басынан бері Бас прокуратура осы әдіс арқылы 27 адамды қабылдаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны