18.05.2007, 18:28 3539

Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау кезінде түрлі заң бұзушылықтарға көбінесе жергілікті атқарушы органдар жол береді - Бас прокуратура

АСТАНА. 18-мамыр.Kazakhstan Today. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау кезінде түрлі заң бұзушылықтарға көбінесе жергілікті атқарушы органдар жол береді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, жалпы анықталған заң бұзушылықтардың 65% жергілікті атқарушы органдардың үлесіне тиеді.

"Исіресе өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталмау фактілері басым. Мысалы, әкімшіліктерді тексеру үстінде жер телімдерін бөлу жөніндегі азаматтардың өтініштерін қарастыру кезінде заң бұзушылықтарға жол берген 33 мың дерек анықталды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Прокурорлардың ақпаратына сәйкес, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласының қалалық, аудандық және облыстық әкімшіліктерінде азаматтардың өтініштерін сегіз-тоғыз және бір жылдан аса қарамаған жәйттер кездескен.

"Тек былтырғы жылы ғана орталық органдар және жер-жерлерде 397 мың өтініш қараусыз қалған",- дейді бас қадағалаушы мекеме.

Иділет министрлігінде өтініштерді қарау тәртібі бойынша көптеген заңбұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар тексеру барысында түсіп жатқан өтініштер мен арыздардың көлемін әдейі азайтып көрсету фактілері анықталды.

Астана қаласының әділет департаментінің өндірісіндегі азаматтардың өтініштері 82 мыңға , ал Жамбыл облысының әділет департаментінде ол 40 мыға төмендетіліп көрсетілген.

Жамбыл облысының әкімшіліктерінде екі мыңнан астам арыз және өтініш есепке алынбаған.

Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, "жоғарыда аталған фактілер атқарушы билік органдары басшыларының тарапынан тиісті бақылаудың болмағандығының айғағы және ол азаматтардың конституциялық құқықтарының басымдылық ұстанымының сақталмағанын көрсетеді. Бұл заң бұзушылықтар сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасап, мемлекеттік басқару жүйесінің беделіне теріс әсерін тигізеді және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімсіздігін туғызады",- дейді мекемедегілер.

"Жүргізілген тексеріс қорытындылары премьер-министрге жолданып, оның нәтижесі бойынша тәртіп бұзышуларға тәртіптік сипатта қолданылған шаралар қабылданды",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны