26.01.2017, 20:07 7131

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төрағалығымен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ директорлар кеӊесі өтті,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төрағалығымен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ директорлар кеӊесі өтті,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Осы отырыста директорлар кеӊесі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасына Абылайхан Оспановты бірауыздан сайлады.

Өзініӊ еӊбек қызметін "Жасыл ел" жастар еӊбек жасағыныӊ республикалық штабында бастаған, кейін жеке компанияларда жұмыс істеген, жоба менеджерінен жобаларды басқару бөлімініӊ бастығына дейін қызмет атқарды.

2011 жылы ҚР Ішкі істер министрлігіне мемлекеттік қызметке ауысты. Техникалық қызмет департаментініӊ аға инженері лауазымында қызмет атқарды, ІІМ-де ІТ-жобаларды дамытуды үйлестірумен айналысты. Полиция лейтенанты атағы берілді.

Сондай-ақ, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорыныӊ орынбасары, Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ қызметін үйлестіру комитеті төрағасыныӊ орынбасары лауазымдарын атқарған.

2014 жылы Электрондық қызмет және халыққа қызмет көрсету орталығын дамыту департаменті болып тағайындалды. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оӊтайландыру және рұқсат құжаттар мәселелерімен айналысты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсат құжаттар және хабарламалар туралы" заӊ жобаларын әзірлеуге қатысты. Сонымен бірге, "ХҚКО" ақпараттық жүйесін, электрондық үкіметті дамытумен және мобильді үкіметті ендірумен айналысты.

2015 жылы "Нұр Отан" партиясыныӊ республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесініӊ меӊгерушісі болып тағайындалды.

2016 жылғы сәуірде "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны