14.01.2011, 16:48 4158

Азаматтарға ТЖ туралы хабар тарататын құрылғылар жұмыс істемейді - ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, бүгін ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтен әкімдіктерге халыққа төтенше жағдайлар туралы дабыл беретін құрылғыларды орнатуға тапсырма беруді сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, бүгін ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтен әкімдіктерге халыққа төтенше жағдайлар туралы дабыл беретін құрылғыларды орнатуға тапсырма беруді сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, В.Божко атап көрсеткендей, 2010 жылы ТЖМ-ның қолданысына халықты хабарландыруға арналған басты құрылғылар тапсырылды, бірақ олар өкінішке қарай, жұмыс істемейтін болып шықты.

"Жүйені қаржыландыру және жаңғырту мәселелерінің жергілікті деңгейде шешілуі өте төмен. Нақты айтқанда, мүлдем шешіліп жатқан жоқ десе болады", - деді ол.

Сонымен бірге министр, төтенше жағдайлар жөнінде ұялы телефондар арқылы хабарлау тәжірибесі мүлдем қолданылмай отырғанын айтты.

Осы ретте ведомство басшысы, К.Мәсімовке әкімдіктерге қалалар мен елді-мекендерде дабыл қағатын және дыбыс күшейткіш құралдарды орнатуға тапсырма беруді өтінді. Оның сөзіне қарағанда, бұл түйіткілді шешу мәселесімен бүгінгі күні тек бір ғана өңір - Батыс Қазақстан облысы айналысып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны