20.05.2009, 17:40 2654

Азаматтарға жер учаскелерін алуға жалған көмектесу алаяқтардың ең жиі қолданатын әдістерінің бірі болып отыр - ҚР Қаржы полициясы

Азаматтарға жер учаскелерін алуға жалған көмектесу алаяқтардың ең жиі қолданатын әдістерінің бірі болып отыр - ҚР Қаржы полициясы

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Азаматтарға жер учаскелерін алуға жалған көмектесу алаяқтардың ең жиі қолданатын әдістерінің бірі болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматыда Л.Ким есімді азаматша мүлкін тәркілеумен бес жылға бас бостандығынан айрылды, ол 2006 - 2008 жылдары алдау арқылы мемлекеттік бағдарлама бойынша жер телімін алуға ниеті бар 10 астам азаматтың 49 млн астам теңгесін ұрлаған", - деді М. Жұманбай.

Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында Б. Айтбеков есімді азамат алты жылға бас бостандығынан айрылды, "ол жалған құжаттарды пайдалану арқылы Шымкентте жер алып беруге көмек көрсетемін деген желеумен азаматтардың 3 млн 800 мың теңгесін иемденіп кетті", - деді ресми өкіл.

Алматыда, М. Жұманбайдың айтуынша, жер телімін беремін деген желеумен, жалған құжаттарды пайдалану арқылы жер сатып алмақ болған адамның 54 млн теңгесін ұрлаған азаматқа қатысты іс сотқа берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны