19.02.2009, 18:10 3426

Азаматтық алу мәселесі бойынша істерді қарау кезіндегі ішкі істер органдары жіберіп жатқан көптеген заң бұзушылықтар ерекше алаңдаушылық туғызады - Бас прокутарура

Азаматтық алу мәселесі бойынша істерді қарау кезіндегі ішкі істер органдары жіберіп жатқан көптеген заң бұзушылықтар ерекше алаңдаушылық туғызады - Бас прокутарура

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Азаматтық алу мәселесі бойынша істерді қарау кезіндегі ішкі істер органдары жіберіп жатқан көптеген заң бұзушылықтар ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Прокуратура органдары шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құжаттарын ресімдеуге байланысты халықтың көші-қоны туралы және азаматтық туралы заңдылықтардың қолдану мәселесі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметіне тексеру жүргізді, деді ресми өкіл.

Өткен жылдың 9 айына жүргізілген тексеру барысында көші-қон үдерісінің бақылаусыз кетуіне әкеліп соқтыратын көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Шетел азаматтары көбінесе елімізге емін-еркін келіп, жұмысқа орналасу мақсатында Қазақстан Республикасында квотадан тыс тұрақты тұруға рұқсат алуға ұмтылады.

Ішкі істер органдарының мәліметі бойынша қазіргі таңда республика бойынша мұндай рұқсат 120 мыңнан астам шетелдік және еліміздің азаматтығы жоқ адамда бар.

Қазақстан Республикасын көші-қон үдерісінің жағымсыз көріністерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" заңының 24-бабында Қазақстан Республикасында ауыр және өте ауыр қылмыстар үшін соттылығы, эпидемияға әкеліп соқтыратын ауруы бар, шетелдіктердің құқық ережесі туралы заңдылығын бұзған және тағы басқа адамдарға тұрақты тұруға рұқсат беруге шектеулер қарастырылған.

Тексеру барысында шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуға қажетті құжаттардың толық болмауы ішкі істер органдарының оларға ыхтиярхат беруіне бөгет болмай отырғаны анықталды.

Мәселен, Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері Қырғызстан Республикасының азаматы Сарыбаевқа баж салығының төлемінсіз жеңілдікпен тұруға ықтиярхат берген.

Ал, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" заңының 24-бабы 11-тармақшасына сәйкес, көрсетілген мерзімге дейін қажетті құжаттарды тапсырмау ықтиярхаттың беруден бас тарту үшін негіз бола алады.

Мұндай заңбұзушылықтар Астана қаласының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының ішкі істер органдарының қызметтерінде анықталды.

Осы ыхтиярхат беру жөніндегі істерді қарау мерзімінің жаппай бұзылып отырғаны ерекше алаңдаушылық тудырады.

Шетелдіктердің елімізге келуін реттейтін нұсқаулықтың 66-тармақшасына сәйкес аумақтық ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрақты тұруға қалу жөніндегі материалдарды қарау мерзімі әр органда бір айдан аспау қажет.

Бірақ, Алматы облысының Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы Германия азаматы Минордың 2007 жылдың 5 наурызда ыхтиярхат беру туралы берген өтінішін бір жарым жылдан астам қарап, бұл жөнінде шешім тек 2008 жылдың 5 қараша күні ғана қабылданған.

Аталған басқармада жекелеген тексеру барысында осындай 8 факті анықталды.

Көрсетілген заң бұзушылықтар Астана қаласының, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ішкі істер органдарында да байқалған.

Азаматтық алу мәселесі бойынша істерді қарау кезіндегі ішкі істер органдары жіберіп жатқан көптеген заң бұзушылықтар ерекше алаңдаушылық туғызады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармақшасында Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды деп айқындалған.

Осыған қарамастан, талдау Қазақстан Республикасының азаматтары ішінен басқа мемлекеттің азаматтығын қоса алуға ұмтылушылардың санының арта түскенін көрсетті, деді С.Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны