26.05.2015, 11:59 3505

Азаматтық кодекске енгізілген толықтырулар еӊбекке жарамдылығын жоғалтқаны үшін өтемақы 2015 жылғы 10 мамырға дейін тағайындалған қазақстандықтарға таралмайды

Өндірісте еӊбекке қабілеттілігін жоғалтқан қазақстандықтар өтемақыны зейнеткерлік жасына дейін ғана алатыны көрсетілген ҚР Азаматтық кодексініӊ 944 бабыныӊ 1 тарауы өтемақысы 2015 жылғы 10 мамырға дейін, яғни "Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊы күшіне енгенге дейін тағайындалған қазақстандықтарға таралмайды

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - Өндірісте еӊбекке қабілеттілігін жоғалтқан қазақстандықтар өтемақыны зейнеткерлік жасына дейін ғана алатыны көрсетілген ҚР Азаматтық кодексініӊ 944 бабыныӊ 1 тарауы өтемақысы 2015 жылғы 10 мамырға дейін, яғни "Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊы күшіне енгенге дейін тағайындалған қазақстандықтарға таралмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заӊыныӊ 37 бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілер олар күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға таралмайды. ҚР Азаматтық кодексініӊ 4 бабында азаматтық заӊнама актілерініӊ кері күші болмайтыны және олар күшіне енгеннен кейін ғана туындаған қатынастарға таралатыны көрсетілген.

Осыған орай, "Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊына сәйкес ҚР Азаматтық кодексініӊ 944 бабына енгізілген өзгертулер ("Еӊбек міндеттемелерін орындау барысында зардап шеккендерге айырылған жалақысына қатысты зиян орнын өтеу еӊбекке жарамдылығынан айырылу деӊгейін анықтау кезеӊінде, бірақ зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жүзеге асырылады") олар күшіне енгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға ғана қатысты қолданылады. Яғни, ҚР Азаматтық кодексініӊ аталған нормасы тиісті актімен расталған өндірістегі жазатайым оқиға 2015 жылғы 10 мамырдан кейін орын алған тұлғаларға қолданылады. Жұмыскердіӊ өмірі мен денсаулығына зиянын тигізген әрбір оқиға құқықтық қатынастардыӊ туындау барысын, яғни заӊдық маӊызы бар фактіні анықтай отырып, жеке қарастырылуы керек.

Осылайша, зейнетақы жасына жеткен соӊ еӊбекке жарамдылығынан айырылу оқиғасы бойынша денсаулыққа тиген зиянныӊ орнын өтеу есебінен өтемақы төлеуді тоқтатуды қарастыратын заӊнаманыӊ жаӊа нормасы ай сайынғы өтемақысын жоғарыда аталған Заӊ (2015 жылғы 10 мамырда) күшіне енгенге дейін алып келген азаматтарға таралмайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны