Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып өңірдегі ахуалмен танысты
Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып өңірдегі ахуалмен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге халыққа көмек көрсетіп жатқан бірнеше медициналық нысанды аралап, дәрігерлермен кездесті.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары алдымен Ордабасы ауданындағы орталық ауруханада болды. Емдеу мекемесі жергілікті 120 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Өкінішке қарай, 2 адам қайтыс болды. Қуаныштысы, қазіргі таңда Ордабасы ауданында коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан науқас жоқ. Провизорлық орталықтағы орындар саны қырыққа дейін азайды. Ауданда 9 өкпені жасанды желдету аппараты және 70-тен астам оттегі концентраты бар. Дәр-дәрмек қоры жеткілікті, ешқандай тапшылық жоқ. Ауданда құрылған 17 мобильді медициналық топ 1 мыңнан аста адамның үйіне барып қызмет көрсетті.
Індет өршіген күрделі кезеңде автоматты байланыс (CALL-орталық) жүйесі іске қосылды. Бір мезетте бірнеше қоңырау қабылданып, азаматтардың сұрағына дереу жауап берілді.
Ажар Ғиният бұдан соң Түркістан облыстық нөмірі 3-ші перинаталды орталық пен Түркістан қалалық емхана қызметімен танысты. Облыстық перзентхана Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ және Отырар аудандарының 450 мың халқына қызмет көрсетеді. Орталықта жүкті әйелдерге мамандандырылған дәрігерлерлік көмек пен диагностикалық қызмет толық қамтамасыз етілген.
Түркістан облысындағы жалпы ахуалға тоқталар болсақ, қазіргі таңда госпитальдардағы және провизорлық төсек-орындар саны 2 есеге дейін қысқарды.
"Санитарлық нұсқауларды әлі де ұмытуға болмайды. Бұл вирус ешқайда кеткен жоқ. Жұқтыруды болдырмас үшін барлық қауіпсіздік шараларын қадағалауымыз қажет. Аурушаңдықпен күрес тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігі. Сол себепті халық арасында түсіндірме жұмыстарын көп жүргізу қажет. Бұл тұста облыстық әкімдік қызметкерлері тарапынан да қолдау көрсетілуде. Жалпы, өңірдегі медицина ұйымдарының індетпен күреске жоғары дайындығын байқауға болады. Мәселен, Ордабасы ауданында қазір коронавирус инфекциясымен науқас жоқ", - деп атап өтті А. Гиният.
2020 жылдың 30 наурызынан бастап 14-ші тамызы аралығында коронавирустық инфекция расталған 3105 науқас тіркелді. Сауығып шыққан адамдардың саны 2711 немесе жалпы сырқаттанғандар санының 87,3 пайызы. Оның ішінде симптомсыз жағдайдағы 1838 адам да жазылды.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде
Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттері толық әрі уақтылы орындалуда. Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Тасқын судан зардап шеккендердің барлығына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Бүгінде ол 11 мыңнан аса отбасыға төленген. Үкімет азаматтарға бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Бүгінде 500-ден аса бала әлі де эвакуациялық орталықтарда қалып отыр. Олар да білім беру үрдісімен қамтылған. Олардың ата-аналары тасқын судың кетіп, үйлеріне оралғанын немесе баспаналарын қалпына келтіру үшін бағалау жүргізілуін күтіп жүргенін түсінемін. Бұл санаттағы балалардың ата-аналарына бізде балаларды орналастыруға қарастырылған тағы 4 мыңнан аса орын бар екенін айтқым келеді. Егер келісімін берсе, оларды сол жерлерге орналастыруға дайынбыз. Оқу маусымы аяқталған соң ата-аналардың келісімімен балаларға өзі тұрып жатқан аймақта, не басқа өңірлерде орналасқан жазғы демалыс лагерлеріне баруына мүмкіндік беріледі. Бұл мәселемен Оқу-ағарту, жоғары білім, туризм және спорт министрлері тікелей айналысуда", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", деп көрсетілген Өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тасқынға қарсы төселген құмқаптар жиналады
Ерте ме, кеш пе тасқын аяқталады. Сол кезде қалың құмқапты не істейсіздер? Бұл жаңа экологиялық апатқа әкелмей ме? Осы күйі қалдырып кетпейсіздер ме? Ертең оны кім жинастырады№" - деп сұрады БАҚ өкілі.
Дұрыс түсінуіңіз керек. Бәрі ол күйінде қалмайды. Әрине, экологияға жауап беретін органдар бар, әкімдіктер де ондай бөлімшелер бар. Оның бәрімен айналысады. Бүгінгі таңда бөгеттерді, уақытша дөңдерді жасаған болсақ, әшейін қалады деп ойламаймыз. Оны да керек-жараққа, халықты, үйлерді, елді қорғауға жаратамыз. Оны өңдеу жұмыстары болады", - деді Бауыржан Сыздықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бүгінде 5 мыңнан астам тұрғын үй, 18 мыңнан астам саяжай мен 1 мың аула аумағы, сондай-ақ 91 ғимарат су астында қалып отыр
Су тасқынының салдары ауқымды болды, елді мекендерге зиян келтірді. 10 облыста 41 жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір Абай мен Павлодар облысының 3 ауданында ТЖ режимі алынып тасталды",---- деді Шыңғыс Әрінов.
Құтқару және шұғыл жұмыстар кезінде жаңа әдістер мен тәсілдер алғаш рет енгізілді. Мысалы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында понтон көпірлерін орнату, қысқа мерзімде су бұру арналарын салу. Бұл көлік қатынасын қамтамасыз етуге және су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді", - деп атап өтті.
Құтқарушылар босанған әйелдерді де құтқаруға мәжбүр болған жағдайлар болды, олардың барлығы ауруханаларға аман-есен жеткізілді. Иелері тастап кеткен жануарларды да қиын жағдайда қалдырмады", - деп атап өтті вице-министр.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдіктер зардап шеккендерге материалдық шығынды есептеп, төлеп жатыр. Біз су қоймаларын тәулік бойы бақылауды жалғастырамыз, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупін азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз", - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Сыздықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
24.04.2024, 10:30Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА 24.04.2024, 10:36 28686Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады24.04.2024, 16:57 18216Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады24.04.2024, 18:04 16721Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады24.04.2024, 18:12 16456Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
18.04.2024, 12:51 107546"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес18.04.2024, 16:22 103516Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді18.04.2024, 22:15 102806Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады19.04.2024, 11:11 98106Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 94366Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады
04.04.2024, 16:35 121326Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121066Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107546"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 105931Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103516Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді