11.07.2014, 20:37 3316

Азия ойындарына отандық спортшыларды дайындау үшін 17 шетелдік жаттықтырушы тартылды - Е.Қанағатов

Естеріңізге сала кетейік, XVII жазғы Азия ойындары Инчхон қаласында 2014 жылдың 19 қыркүйегімен 4 қазан аралығында өтеді. Спортшылар алдына жалпыкомандалық есепте төртінші орын алу міндеті қойылып отыр.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. XVII жазғы Азия ойындарына Инчхон қаласына қазақстандық спортшыларды даярлау үшін 17 шетелдік жаттықтырушы келісімшарт негізінде тартылды. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің отырысында агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлім етті.

"Соңғы 2 жылды жақсы көрсеткіштермен көзге түскен 94 спортшы және жаттықтырушылармен келісім-шарт жасалды. Дзюдо, грек-рим күресі, каное мен байдаркада есу, судағы поло, ауыр атлетика бойынша құрама командаларға 17 шетелдік жаттықтырушы келісім-шарт негізінде тартылды", - деді Е.Қанағатов.

Сонымен қатар, спортшылар үмітті ақтамаған жағдайда құрама командалардың бас жаттықтырушылары жұмыстан босатылады, деп ол қадап айтты.

"Біздің мақсатымыз бұрынғы жетістігімізді қайталап Инчхондағы (Корея) 17-інші Азия ойындарынан 4-інші орын алу"-, деп мәлімдеді бүгін Елсияр Қанағатов.

"Алдағы 17-інші жазғы Азия ойындарына 45 елдің 13 спортшылары мен бапкерлері қатысады деп жоспарлануда. Осы көрсеткішке байланысты бұл Азия ойындарын 16 мың адам қатысқан жазғы Олимпиада ойындарымен теңестіруге әбден болады. Ататмыш Азия ойындарына 7 мың БАҚ өкілдері қатысады", - дейді төраға орынбасары.

Оның айтуынша, ойын бағдарламаларына 41 олимпиадалық, 9 олимпиадалық емес ойын түрлері енгізілген. Бас-аяғы 50 спорт түрі бойынша 437 медаль жинағы сарапқа салынады. Сонымен қатар ҚР құрама командасы спортшылары 1994 жылдан бастап бес Азия ойынлдарына қатысып, бүгінге дейін 113 алтын медаль алғаны белгілі.

"Жалпы, 39 спорт түрінен кемінде 500 спортшы қатысады деп күтілуде. Біздің басты мақсатымыз бұрынғы жетістігімізді қайталап Инчхондағы (Корея) 17-інші Азия ойындарынан 4-інші орын алу", - дейді Е.Қанағатов.

Бүгін Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру ісі агенттігінің отырысында агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов әрбір қазақстандық спортшы әнұранды жатқа білуі керектігін айтты.

"Ирбір қазақстандық спортшы әнұранды жатқа білуі керек. Біз бұны спортшыларымызға заңнамалық тұрғыдан да міндеттейміз. Осы тұрғыда бұл мәселеде барлық жетекшілерді, спорт бапкерлерін қарамағандығы спортшылары мен шәкірттерінің бұл міндеттемені орындауын қадағалауын сұраймыз", - дейді Е.Қанағатов

Сонымен қатар, оның айтуынша, маңызды халықаралық шараларда қазақстандық спортшылардың сапалы дайындығы үшін барлық құрама командаларды толықтай қамтамасыз ету қажет.

"Ұлттық командалар штабы дирекциясының дайындық процестері мен спортшылардың тамақтануынан бастап билогиялық-медициналық құралдарды пайдалануға мән беруі керек", - дейді.

"Біз кейде оқыту-дайындық процестерін бақылауды ұмытып кетіп жатамыз. Енді бұдан былай кесте қойып, барша құрама командаларды аралайтын боламыз. Бапкерлермен жеке-жеке әңгімелесіп, өзге де бақылау шараларын күшейтеміз", - дейді Е.Қанағатов.

Естеріңізге сала кетейік, XVII жазғы Азия ойындары Инчхон қаласында 2014 жылдың 19 қыркүйегімен 4 қазан аралығында өтеді. Спортшылар алдына жалпыкомандалық есепте төртінші орын алу міндеті қойылып отыр.

XVII жазғы Азия ойындарына еліміздің 500-ге тарта спортшысы қатысады. Олар спорттың 39 түрі бойынша бақ сынамақ.

Жалпы, Қазақстанның ұлттық құрамасы осыған дейінгі бес бірдей Азия ойындарына қатысып, 113 алтын медаль жеңіп алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны