14.05.2007, 14:14 2951

Азия және Тынық мұхит елдері бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясы сессиясының өтуіне байланысты Алматы жолдарындағы қозғалысқа тоғыз күн бойы шектеу қойылады - полиция

АЛМАТЫ. 14 - мамыр. Kazakhstan Today. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит елдері бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) кезекті 63-ші сессиясының өтуіне байланысты Алматыда тоғыз күн бойы жол қозғалыстарына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасынан.

"2007 жылдың 15-ші және 23-ші мамыры аралығындағы маңызды саяси іс-шараның өтуі барысында қалада Сәтпаев және Желтоқсан көшелерінде, Республика алаңы, Абай, Фурманов, Достық, Райымбек, Майлин, Сүйінбай даңғылдарында, "Ankara Intercontinental", "Қазақстан", "Алматы", "Жетісу", "Отырар" қонақ үйлерінің маңындағы барлық жол қозғылысына қатысушылар үшін қозғалыс уақытша шектелетін болады", - деп айтылған жол полициясының хабарламасында.

"Көліктердің кептеліп қалуын болдырмау мақсатында" жол полициясы басқармасы көлік жүргізушілеріне "көрсетілген көшелермен жүруді, аялдауды және тоқтауды мүмкіндігінше шектеуді" өтінді. "Жүргізушілерге өздерінің қозғалыс бағдарларын дер кезінде реттеуге және қаланың орталығына, сондай-ақ Райымбек даңғылы, Сейфуллин, Шолохов және басқа көшелерге жанама көшелермен жүруге кеңес береміз",- деп айтылған хабарлама мәтінінде.

Сонымен қатар, полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережесі мен "қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін ішкі істер органдары мен жол полициясы қызметкерлерінің талаптарын" орындауға шақырды.

Жол полициясы басқармасының ақпараттарына сүйенсек, Азия және Тынық мұхит елдері бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясы сессиясы өтетін кезде Алматы полицейлеріне Алматы және Жамбыл облысының жол полициясы басқармаларының 110 қызметкері көмек көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны