20.03.2012, 09:36 3306

Азық-түлік нарығын үйлестіру жөніндегі шаралар кешені баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді

2012 жылы кейбір азық-түлік тауарларының бағасы арзандады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Азық-түлік нарығын үйлестіру жөніндегі шаралар кешені баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы кейбір азық-түлік тауарларының бағасы арзандады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман.

"Жылдың басынан бері жармалардың бағасы- 7,5 пайызға, май және тоңмайдың бағасы -2,1 пайызға, сәбіз - 0,8, пияз - 2,2 және картоп -0,6 пайызға арзандап отыр. Өңірлік тұрақтандырушы қорларға енгізілген тауарлардың бағалары арзандап отырғанын айта кеткен жөн", - деді Евгений Аман бүгін Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Ал ет және ет өнімдерінің бағасы - 3 пайызға, сүт өнімдері - 0,8 пайызға, қияр - 10,7 пайызға, қызанақ - 11,9 пайызға қымбаттап отыр. Е.Аманның айтуынша, бұл тауарлардың қымбаттауына малдың етке аз өткізілуі, жыл сайынғы маусымдық тербелістер себеп.

"Соңғы бес жылда биыл алғаш рет картоп, пияз, сәбіз, қызылша бағалары қыс мезгілінде тұрақты болды, бағалар өскен жоқ, керісінше біраз арзандады. Нарықтық тетіктерді қолдана отырып Азық-түлік нарығын үйлестіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асырудың арқасында бағалар тұрақтандырылды",- деді ауыл шаруашылығының жауапты хатшысы.

Икімдіктердің мәліметтері бойынша, республика бойынша тұрақтандыру қорларына 34 923,1 тонна картоп, 16 836,1 тонна пияз, 7 447,8 тонна сәбіз, 8 643,1 тонна қант, 5 539,9 тонна өсімдік майы, 4 586,4 тонна күріш және т.б. өнімдер сатып алынған.

Оған қоса, қазір жалпы сыйымдылығы 45 тоннаны құрайтын 9 жеміс-көкөніс сақтау қоймасын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл шара өнім сақтау қуатына деген дефицитті 25 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның несиелері есебінен жалпы ауданы 39,4 гектарды құрайтын және жылдық қуаты 13 мың тоннаға жететін жылыжайлар мен парниктер салу жобалары іске асырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде заманауи технологияларға негізделген жаңа бройлер құс фабрикаларын салу жөніндегі инвестициялық жоба қолға алынып отыр. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" компаниясының қаражатына жылдық қуаты 40,5 мың тонна құс етін және 500 млн. жұмыртқаны құрайтын 15 жоба іске асырылды.

Айта кету керек, ет өнімдері бойынша импорттың үлесі орта есеппен - 32 пайызды, сүт өнімдері бойынша - 29 пайызды құрайды, және дәл осы көрсеткіштер негізінен нарықтағы баға тербелістеріне әсерін тигізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны