17.07.2026, 14:28 88641

Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығы ашылады

Цифрлық трансформация ұлттық даму стратегиямыздың басым бағыттарының бірі саналады
Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығы ашылады
Алматы қаласында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанынан Тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығы ашылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Шанхайда өтіп жатқан Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда (WAIC) сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

"Қазақстан Дүнижүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымы құрылтайшыларының бірі ретінде осы маңызды платформаны құрудағы Қытайдың жетекші рөлін жоғары бағалайды. Жақында ғана іргесі қаланған әрі мол әлеуетке ие ұйым жаһандағы ЖИ келешегін айқындайтын бірегей халықаралық институтқа айналатынына сенімдіміз. Ұйымның алғашқы отырысын Астанада өткізу біз үшін зор мәртебе болар еді. Сонымен қатар бұл құрылымның Орталық Азиядағы өкілдігін елімізде орналастыруды ұсынамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке ие.

"Энергетикалық ресурстардың мол қоры, аса маңызды минералдар кеніштері, заманауи көлік дәліздері мен жедел дамып келе жатқан цифрлық инфрақұрылым нарықтарды, технология және инновациялық экожүйелерді өзара ұштастыруға тың мүмкіндік береді. Цифрлық трансформация ұлттық даму стратегиямыздың басым бағыттарының бірі саналады",- деді Президент.


Бұған дейін Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында Цифрлық көпір құруды ұсынған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны