10.07.2017, 18:28 3915

Б.Атамқұлов Байқоӊыр қаласы әкімшілігініӊ басшысы Константин Бусыгинмен кездесті

Кездесу қорытындысы бойынша Б.Атамқұлов пен К.Бусыгин қала дамуын кеӊейтілген құрамда талқылауға келісті

Қызылорда. 10 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов Байқоӊыр қаласы әкімшілігініӊ басшысы Константин Бусыгинмен кездесті, оныӊ барысында тараптар қаланы одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.

Кездесу басында ҚР ҚАӨМ басшысы қаланы көркейту, оныӊ ішінде әлеуметтік және тұрмыстық нысандар салу мәселесін қозғады. Осы арқылы жаӊа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ, бірлескен кәсіпорындар құрып, Байқоӊыр қаласында арнайы өндірістік аймақ құруды ұсынды.

К.Бусыгин "Байқоӊыр" кешенін бірлесе дамыту концепциясы шеӊберінде қала әкімшілігі қазақстандық жобалардыӊ жүзеге асырылуына назар аударатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Б.Атамқұлов пен К.Бусыгин қала дамуын кеӊейтілген құрамда талқылауға келісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны