21.10.2015, 17:08 3924

Б. Байбек Алматы қаласы әкімініӊ жаӊа орынбасарын таныстырды

Бүгін Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек өзініӊ жаӊа орынбасары Румиль Тауфиковты әкімдік ұжымына таныстырды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Алматы. 21 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек өзініӊ жаӊа орынбасары Румиль Тауфиковты әкімдік ұжымына таныстырды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Румиль Тауфиков бұған дейін 2009 жылдан бері ҚР Президенті Протоколыныӊ бастығы қызметін атқарып келген болатын, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Енді жаӊа қызметте әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу, қаланыӊ азаматтық қорғанысы, жолаушы тасымалын ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстыӊ алдын алу жұмыстарына жетекшілік ететін болады.

Румиль Тауфикұлы Тауфиков 1974 жылы 30 қаӊтарда Қырғыз КСР-ніӊ астанасы Фрунзе қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1997- 2000 жж.), "Математика және информатика", "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меӊгерген. 2000 жылдан - "Астана қаласыныӊ коммуналдық меншік қоры" МКК бас маманы, бөлімшесін басқарушы. 2001 жылдыӊ мамырынан - Астана қаласы әкімі аппаратыныӊ ұйымдастыру-бақылау және мамандармен жұмыс істеу бөлімініӊ бас маманы - Протокол бастығы. 2001 жылдыӊ қарашасынан - ҚР Президенті Протоколында консультант, сектор меӊгерушісі, бас инспекторы. 2006 жылдыӊ наурызынан - ҚР Президенті Протоколы бастығыныӊ орынбасары. 2009 жылдан бері - ҚР Президенті Протоколыныӊ бастығы.

"Құрмет" орденімен (2010 ж.), "Қазақстан Республикасыныӊ тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001 ж.), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005 ж.), "Астананыӊ 10 жылдығы" (2008 ж.) медальдарымен марапатталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны