20.05.2014, 21:32 2739

Б. Байбек: Ықпалдастық ең алдымен тауарлар шығару және қызметтерді ұлғайту үшін жағдайлар туғызады

"ЕАЭО нарығына орнығу үшін қазақстандық бизнес өндірісті ұлғайтып, өнім сапасын арттыра отырып тауар түрлерін көбейтуі тиіс. Маңыздысы сол, негізгі пайданы қарапайым тұтынушылар, Қазақстан азаматтары көретін болады", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. Ықпалдастық ең алдымен тауарлар шығару және қызметтерді ұлғайту үшін жағдайлар туғызады. Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан Демократиялық күштердің Жалпыұлттық коалициясы отырысында мәлімдеді.

"ЕАЭО нарығына орнығу үшін қазақстандық бизнес өндірісті ұлғайтып, өнім сапасын арттыра отырып тауар түрлерін көбейтуі тиіс. Маңыздысы сол, негізгі пайданы қарапайым тұтынушылар, Қазақстан азаматтары көретін болады", - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, Б.Байбек Қазақстанның ЕАЭО енуі арқылы ұлттық экономикадағы барлық мәселелер өздігінен шешіле қалады деген сөз емес екеніне тоқтала кетті, деп "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы бүгінде еліміздің Еуропа одағы, Солтүстік Американың еркін сауда келісімі, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы және өзге де ықпалдастық ұйымдарына белсене қатысуы арқасында әлемде жетекші орынға шыққан дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеті қойылды. Сондықтан біз үшін де, еліміз алдында тұрған биік міндеттер тұрғысынан алғанда, экономикалық ықпалдасу - уақыттың талабы, өмір қажеттілігі болып табылады", - деп мәлімдеді Б.Байбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны