21.04.2014, 21:30 3329

Б. Байбек ҚР-дағы жемқорлықпен күрестің басты 3 бағытын атады

Бүгін Астанада жемқорлыққа байланысты "Нұр Отан" партиясын жанындағы республикалық семинар-кеңесте партияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстандағы жемқорлықпен күрес бойынша басты 3 бағытты атады.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Астанада жемқорлыққа байланысты "Нұр Отан" партиясын жанындағы республикалық семинар-кеңесте партияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстандағы жемқорлықпен күрес бойынша басты 3 бағытты атады.

"Біріншісі: париятының жемқорлықпен күрес тиімділігін арттыру мақсатында біз партияға және оның әрбір әрекетіне деген сенімділікті арттыруымыз керек. Сондықтанда біз бүгінде партия қатарын тазартып жатырмыз. Сонымен қатар, біз партиялық тәртіпті көтеруіміз керек. Себебі, қаржының қалай игеріліп жатқанын, бағдарламаның қалай жүзеге асып жатқаның қатаң қадағаламау жемқорлыққа жол беруі мүмкін. Сондықтан да біз осы мақсатта жүйелі жұмыстар жүргізудеміз", - деп Б. Байбек атап өтті.

Екіншіден, оның айтуынша, бүгінде партия мемлекеттік органдармен бірлесіп жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жасақтауда.

"Біз түрлі 12 жобаны іске қостық. Оларға аса белсенді үкіметтік емес 50 ұйым атсалысуда. Дәл осылар нақты жағдайдың қандай екенін біледі. Ал, біздің міндетіміз оларды мемлекеттік органдармен байланыстырып, олардың жұмысын ұйымдастыру", - деп Б. Байбек ағынан жарылды.

Сонымен қатар ол, "Нұр Отан" партиясы осыдан екі апта бұрын Айқын басылымына қосымша ретінде "Ара" журналын шығара бастады. Оның мақсаты сыбайлас жемқорлық мәселесін қалжың-әжуа түрінде көтеру арқылы халықтың санасына аталмыш проблеманы жеткізу.

"Үшіншіден, Мәжіліс депутаттарын біздің фракцияның және маслихаттың депутаттарымен өзара жұмыс істету. Бүгінде фракцияның қызметі Елбасының тапсырмасы аясында атқарушы биліктің жұмысын қадағалауды күшейту болыр отыр. Біздің мақсатымыз - жергілікті жердегі өзара байланысты нығайту. Өздеріңізге белгілі болғандай фракцияның депутаттары өте беделді. Сондықтан да біздің міндетіміз осы жұмысты қалай жүргізіп жатқанымызды және қалай жалғастыратынымызды көрсету", - деді Б. Байбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны