03.07.2014, 20:53 3124

Б.Байбек: "Нұр Отан" құрамында 4 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар

"Нұр Отан" мүшелерінің 4 мыңы мүмкіндігі шектеулі жан. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдау барысында мәлімдеді.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. "Нұр Отан" мүшелерінің 4 мыңы мүмкіндігі шектеулі жан. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдау барысында мәлімдеді.

"Бүгінгі шара партияның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігінде бағындырған асулары мен эволюциялық даму биігін бейнелейтін 15 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуімен және Астана күні мерекесінің қарсаңында өткізілуімен ерекше. Партия Лидері барлық нұротандықтарды саяси көшбасшылықты күнделікті істе дәлелдеп, қоғам өмірінің барлық бағыттарында алдыңғы орында болуымызды міндеттеген. Сіздер де осы сенімнің үдесінен толықтай шығасыздар деген үміттемін!", - деді Бауыржан Байбек.

"Нұр Отан" мүшелерінің 4 мыңы мүмкіндігі шектеулі жандар. Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың да осылайша мүддесін ескеруді өзіміздің борышымыз деп білеміз", - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, партия мүшелерінің 9 пайызы денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің қызметкерлері.

Бүгінгі таңда "Нұр Отан" партиясында 875 мың мүше бар. "Нұр Отан" партиясына салтанатты қабылдау республика бойынша өтуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны