19.07.2026, 17:11 38691

Бүгін Қазақстанда Металлургтер күні аталып өтуде

Бүгін Қазақстанда Металлургтер күні аталып өтуде
Сурет: Depositphotos
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, металлургия өнеркәсібі - ел экономикасының жүйе құраушы негізгі салаларының бірі. Оның үлесіне Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі өндірісінің 40%-дан астамы тиесілі.

"2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8%-ға өсіп, 16,2 трлн теңгеге жетті. Осылайша бұл көрсеткіш тау-кен өндіру саласының көлемінен асып түсті. Өткен жылы да өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі 13%-ды құраса, тау-кен өндіру саласының үлесі 11,9% болды",- деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.


Металлургия секторы шикізаттық емес экспорттың елеулі бөлігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өнеркәсібі әлеуетті өңірлердегі жұмыспен қамту ісінде маңызды рөл атқарып отыр. Бүгінде Қазақстанда болат, ферроқорытпа, мыс, алюминий, мырыш және басқа да өнім түрлерін шығаратын 274 кәсіпорын жұмыс істейді. Саладағы негізгі өндіріс орындары Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарында орналасқан.

Тек өткен жылдың өзінде кәсіпорындар 19 трлн теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 1,2%-ға өсті, оның ішінде қара металлургия бойынша өсім 4,3%-ды құрады.

Металлургия саласының басты күші - адамдар. Бүгінде бұл кешен кәсіпорындарында 200 мыңнан астам маман еңбек етеді. Осынау еңбеккерердің білімі, тәжірибесі және кәсіби тұрғыдағы қарым-қабілеті саладағы жұмыстың тұрақты жүруін, өндірістің дамуын және озық технологиялар енгізілуін қамтамасыз етіп келеді.

Министрлік еліміздің барлық металлургтерін кәсіби мерекесімен құттықтап, лларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке, еңбектеріне толайым табыс тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны