26.11.2022, 11:35 13336

Бүгін Президент заңсыз шығарылған капиталды қайтару және Парламенттік сайлау туралы Жарлықтарға қол қояды

Бүгін Президент заңсыз шығарылған капиталды қайтару және Парламенттік сайлау туралы Жарлықтарға қол қояды
Астана. 26 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлықтау рәсімі барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз шығарылған капиталды қайтаруға, Сенат сайлауы, ауылдық жерлерді дамытуға, Жоғары аудиторлық палатаның мәселелеріне қатысты маңызды Жарлықтарға қол қою туралы жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев әділдікті қалпына келтіріп, елден заңсыз шығарылған барлық активті қайтарудың маңыздылығы туралы айтты. Бұл үшін Үкімет заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлейді. Сонымен қатар заң жобасы әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шығаруға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталады.
 
Қайтарылған барлық қаражат азаматтардың игілігіне жұмсалуға тиіс, деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, бұл қаржыны жоғары технологиялы өндіріс орындарын ашуға, мектептер мен ауруханалар салуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға пайдалану керек.
 

Тиісті Жарлыққа бүгін қол қоямын. Жақын арада ауқатты кәсіпкерлер халықтың игілігі үшін өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін жандандырады деп ойлаймын", - деді Тоқаев.

 
Ол өз сөзінде Президент сайлауы биліктің барлық негізгі институтын дәйекті түрде жаңғырту үдерісін бастауға жол ашқанын атап өтті. Сайлау ауқымды электоралды циклдің бастапқы кезеңі болды.
 

Біз саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырамыз. Бүгін мен "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы" Жарлыққа қол қоямын. Осылайша, жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болмақ. Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады", - деді қайта сайланған Президент.

 
Бұдан бөлек, бүгін мен конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қоямын. Келесі кезең - оны толыққанды трансформациялау.
 
Естеріңізге сала кетейік, Парламенттік сайлау Қазақстанда 2023 жылдың бірінші жартысында өтеді.
 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырады.
 
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады.
 

Ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ - бәрімізге сын... Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз", - деп қосты Президент.

 
Естеріңізге сала кетейік, заңсыз әкетілген активтер мен шығарылған қаражаттың шамамен 500 миллиард теңгесі мемлекетке қайтарылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны