09.11.2015, 12:55 3871

Б. Нұрымбетов: "Жергілікті атқарушы органдар азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша жұмысты күшейтуі керек"

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамын қалыптастыру және жұмыспен қамту бойынша ҚР ДСИДМ-де атқарылып жатқан жұмыстар" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамын қалыптастыру және жұмыспен қамту бойынша ҚР ДСИДМ-де атқарылып жатқан жұмыстар" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сөз басында ол Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамыныӊ аясында (88 қадам) ақпараттық, тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралар кешенінен тұратын "Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамы" идеясын алға жылжытудыӊ кешенді жоспары бекітілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамы идеясын халық санасына сіӊірудіӊ басты шараларыныӊы бірі - 2014 жылдан бері Еӊбек күнін атап өту болып табылатынын хабарлады.

Сонымен, ағымдағы жылы республика бойынша Еӊбек күніне арналған 160-тан астам мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Аймақтарда Қазақстан экономикасын дамыту мен нығайтуға жеке үлес қосқан еӊбек ардагерлерін, еӊбек әулеттерініӊ өкілдері мен кәсіби мамандарды марапаттаған форумдар өтті (7 облыстық, 73 аудандық).

Жастар өкілдерініӊ арасында кәсіби-техникалық және жұмысшы мамандықтарыныӊ мәртебесін арттыру және оларды насихаттау мақсатында семинарлар, дөӊгелек столдар, әртүрлі акциялар мен байқаулар өткізілді.

Мереке қарсаӊында ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда 500-ден астам адам қатысқан "Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамы қарай!" ұранымен флешмобтар өтті.

Сондай-ақ, жекелеген аймақтарда Еӊбек күніне арналған өзге де бастамалар жүзеге асырылды:

- Ақтөбе облысы кәсіподақ ұйымдарыныӊ арасында "Жылдыӊ еӊ үздік ұжымдық келісімшарты" атты байқау ұйымдастырылып, "Кәсіподақ мүшелерініӊ мүдделерін қорғаудағы ұжымдық келісімшарт рөлін арттыру" тақырыбында мәдениет, спорт және ақпарат салалық қызметкерлері Республикалық кәсіподағыныӊ аймақтық семинары өткізілді;

- Қостанай облысында ағымдағы жылдыӊ шілдесінен бастап аймақ тұрғындары еӊбек ерліктерініӊ 80 жылдығына арналған "Еӊбек даӊқы кітабын" толтыру бойынша эстафета басталды;

- Оӊтүстік Қазақстан облысында "Жұмыскерлердіӊ еӊбек жағдайларын жақсартуға негізделген инновациялық жоспарлар" байқауыныӊ жеӊімпаздары еӊбекті қорғау бойынша үшкүндік шетелде оқу сертификаттарына ие болды.

"Республикалық және жергілікті деӊгейде өткізілген шаралар қоғамды нығайтуға, жастарды тәрбиелеуге, Еӊбек адамыныӊ мәртебесін арттыруда орасан зор рөл атқарады", - деп атап айтты министр.

Жұмыспен қамту шаралары туралы сөз барысында ол жыл басынан бастап аймақтық әкімдер, жұмыс берушілер, ұйым кәсіподақтарыныӊ арасында жұмыс орындарын сақтау бойынша 72 мыӊнан астам меморандумға қол қойылғанын мәлімдеді.

Аймақтық жұмыспен қамту кешенді жоспарыныӊ аясында 311,6 мыӊ адам жұмысқа орналастырылды, бұл жоспарланған көрсеткіштіӊ 102% құрайды. "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ аясында 118,3 мыӊ адам, оныӊ ішінде тұрақты жұмыс орнымен 97,4 мыӊ адам қамтылды.

Сөз соӊында Біржан Нұрымбетов жергілікті атқарушы органдардыӊ азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша жұмысты күшейту керек екендігін атап айтты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны