17.11.2019, 13:28 9887

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қарулы күштердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көріністері, олардың алдын алуға бағытталған шаралар" іс-шарасын өткізді

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қарулы күштердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көріністері, олардың алдын алуға бағытталған шаралар" іс-шарасын жүргізу барысында ҚР Ұлттық ұланының 5517-ші әскери бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тексерулердің нәтижелері жарияланды.

Айталық, өткен жылдың қыркүйек айында Ақтөбе гарнизонының Әскери сотының үкімімен 5517-ші әскери бөлімшенің атқыштар бөлімінің командирі "М" есімді азаматтың 350 мың теңге қаражатын әскери бөлімге жұмысқа орналастыруға септесемін деген сылтаумен алаяқтық жолмен иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасына кесілді.

Ағымдағы айда 5517-ші әскери бөлімшенің тыл бойынша командирінің орынбасары мен мүлік жөніндегі қызметтің басшысы әшкереленді. Олар бір ЖШС директорынан 300 мың теңге мөлшеріндегі сомалық параны ЖШС-тің кір жуатын орнын комиссияның тексеру қорытындысы бойынша оң акт жасау және әскери бөлімшенің кір төсек-орын жабдықтарын жуып беру қызметін көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне кедергісіз қол қою үшін алған, деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

7 қазанда олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-шы бабы бойынша айыпты деп танылып, 7 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және 6 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасына кесілді. Олардың екеуі де әскери атақтарынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарға тағайындалу құқығынан өмір бойына айырылды.

"Өздеріңіз көріп отырғандай, статистика көңіл көншітпейді және облыстың әскери бөлімдеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қалыптасып отырған ахуалды түбірімен өзгертуге бағытталған түбегейлі шараларды қолдануды талап етіп отыр",- деді Нұрдәулет Сәмет өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны