10.08.2019, 17:42 34240

БҚО Жаңғала аудандық орталығында "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасына қатысты мәселелер бойынша отырыс болып өтті

Орал.10 тамыз. Kazakhstan Today - 30 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Жаңғала аудандық орталығында "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасына қатысты мәселелер бойынша отырыс болып өтті. Жобалық кеңсенің мақсат-міндеттері мен елдімекендерді дамыту жоспарлары талқыланды.

Кездесуде ауылдық округтердің әкімдеріне, мекемелердің басшылары мен мамандарға жобалық кеңсенің жұмысына қатысты егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді.

Сөз сөйлегендер ауылдарда істеліп жатқан жұмыстар туралы, "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасының маңызы туралы және осы органның жұмысынан күтілген нәтижелер туралы әңгімелеп берді.

Жобалық кеңсенің төрайымы Әлия Салиеваның айтуынша, жобалық кеңсенің басты мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою.

"Ауыл тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетілуге тиіс деп санаймыз. Олай болмағанда, олар өз мәселелерінің оң шешімін табу үшін басқа жолдар іздестіре бастайды. Және бұл жерде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілуі мүмкін", - деді жобалық кеңсенің мақсатына тоқталған төрайым.

Келгендер ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерді толықтай қаузап, көп әңгімелесті. Залдан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық ресурстық орталықтың жетекшісі Жақсылық Хайрелов отырысқа қатысушылардың бірі ретінде проблемаларға тоқтала келе, алдағы уақытта жобалық кеңсе тарапынан оларды шешуге септик тиеді дегенге сенім білдірді.

"Ауыл тұрғындары "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің іс-қызметі туралы жақсы білуге тиіс деп мақсат қойдық. Ол үшін біз облыстың Қаратөбе және Сырым аудандарында болдық. Ең бастысы, жобалық кеңсе шалғай аудандардың тұрғындарымен байланыс орната алды", - деп қорытты Әлия Салиева.

Дәл осындай кездесу Жаңғала ауданының ең шалғай ауылы Жаңақазанда да болып өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны