30.10.2015, 16:54 3793

Б.Сағынтаев Airbus Group Вице-Президенті С.Дэлонэмен ынтымақтастықтыӊ басымдықты бағыттарын талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Airbus Group Вице-Президенті (ТМД) Сильвер Дэлонэмен кездесу өткізді

Астана. 30 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Airbus Group Вице-Президенті (ТМД) Сильвер Дэлонэмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Францияға сапары қарсаӊында өтті, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Келіссөздер барысында тараптар Airbus Group-пен серіктестіктегі бар жобаларды жүзеге асыруды талқылады, сондай-ақ болашақ ынтымақтастықтағы басымдықты бағыттарды белгіледі.

Airbus Group аэроғарыш және қорғаныс салаларындағы, сондай-ақ оларға байланысты қызметтерді ұсынуда әлемдік көшбасшы болып табылады.

Қазақстанда Топ келесі жобаларға қатысады: "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" бірлескен кәсіпорны (ЕС145 тікұшақтарын құрастыру, оларға қызмет көрсету және тікұшақ мамандарын қайта оқыту), "Қазақстан Ғарыш Сапарымен" ынтымақтастық (Құрастыру-сынау кешенін құру және Жерді қашықтықтан зондтау және байланыс спутниктерімен жұмыс жасау).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны