06.02.2014, 22:43 3212

Б. Сағынтаев Байқоңыр қаласының мектептерін ҚР стандарттарына көшіруді жылдамдатуды тапсырды

"Бүгінде қаладағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектепке ҚР білім стандарттарын енгізу бойынша жоба-келісімі жасалды. Осыған байланысты ҚР БҒМ мемлекеттік органдармен бірлесе келісімге қол қою мәселесін тез арада шешу керек. Бізге 2014 жылы бұл мәселені шешуді тапсырған. Алайда біз жыл соңына дейін күтпейміз", - деп Б. Сағынтаев кесіп айтты.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б. Сағынтаев Байқоңыр қаласының мектептерін ҚР стандарттарына көшіруді жылдамдатуды тапсырды.

"Бүгінде қаладағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектепке ҚР білім стандарттарын енгізу бойынша жоба-келісімі жасалды. Осыған байланысты ҚР БҒМ мемлекеттік органдармен бірлесе келісімге қол қою мәселесін тез арада шешу керек. Бізге 2014 жылы бұл мәселені шешуді тапсырған. Алайда біз жыл соңына дейін күтпейміз", - деп Б. Сағынтаев кесіп айтты.

Сонымен қатар, ол Байқоңыр қаласындағы медицина саласын дамытуды қозғады.

"Қазіргі таңда Байқоңырда Қазақстанның республикалық бюджет қаржысына перзентхана соғылып, ол үш жыл бойы қаңырап тұр. Біз жергілікті тұрғындарға толығымен медициналық қызмет көрсету үшін перзентхананы көп салалы медициналық мекемеге ауыстыра аламыз", - деп Б. Сағынтаев атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны