09.04.2014, 19:34 3144

Б. Сағынтаев: ЕЭО құру туралы келісімнің жобасына 2014 жылдың мамыр айында қол қойылады

Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісім жобасы 2014 жылдың мамыр айында дайындалып бітеді және сол кезде оған қол қойылады. Бұл туралы кеше ОКҚ өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісім жобасы 2014 жылдың мамыр айында дайындалып бітеді және сол кезде оған қол қойылады. Бұл туралы кеше ОКҚ өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

"Келісім жобасын біз бір немесе екі ай бойы талқылап келе жатқан жоқпыз, ол ұзақ уақыт бойы талқылануда. Сондықтан да оның әр бабы мен пунктттері ұзақ қаралады. Себебі, біз барынша өзімізге қажетті нюанстардың барлығын ескердік", - деді Б.Сағынтаев.

Бірінші вице-премьер атап өткендей, келісім екі бөлімнен тұрады: институционалды және функционалды (экономикалық).

"Институционалды бөлім бойынша біз дайынбыз деуге болады. Тек сарапшылар деңгейінде Мәскеуде 16 сәуірде шешу керек жайттар ғана қалды. Ал, функционалды бөлім бойынша мұнай мен мұнай өнімдеріне, газтасымалдау жүйесіне, энергетикаға, өндіріске, АӨК рұқсат беру сынды мәселелерге қатысты сұрақтар қалды", - деп Б. Сағынтаев түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, Мәскеуде 15 сәуірде Үкімет басшылары талқылайтын 4-5 сұрақ бар.

"Сондықтанда Мемлекет басшылары белгілеген мерзім мамыр айы, менің ойымша үш мемлекет келісім жобасы бойынша барлық жұмыстарын аяқтап үлгереді",- деді Б.Сағынтаев сөз соңында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны