30.01.2014, 18:58 1839

Б.Сағынтаев: ҚР ТЖМ жылыту қазандықтарын жөндеу сапасын бақылауды күшейтуі керек

"Биылғы жылыту маусымынан бастап Қарағанды және Павлодар облыстарында қазандықтардың апаттық тоқтатылуы бойыша 40 жағдай тіркелген. Бізді мазалайтыны аталмыш 40 қазандықтың да биыл ғана күрделі жөндеуден өткізілуі. Қазіргі аязды ескерсек, өткізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды күшейту керек, сонымен қатар алдағы уақытта техникалық қауіпсіздікке бағытталған облыстардағы өндірістік қауіпсіздіктің нормативтік-құқықтық актін дайындау жұмыстарына кірісу керек", - дейді Б.Сағынтаев.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР ТЖМ жылыту қазандықтарын жөндеу сапасын бақылауды күшейтуі керек. Бұл жайлы бүгін ҚР ТЖМ қызметкерлерінің "2014 жылдың басты тапсырмалары мен 2011-2015 жылдарға арналған ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарын іске асыру аясында 2013 жылы облыстарда төтенше жағдайларды жою мен ескерту жұмысы қорытындысы туралы" мәселесіне арналған жиында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

"Биылғы жылыту маусымынан бастап Қарағанды және Павлодар облыстарында қазандықтардың апаттық тоқтатылуы бойыша 40 жағдай тіркелген. Бізді мазалайтыны аталмыш 40 қазандықтың да биыл ғана күрделі жөндеуден өткізілуі. Қазіргі аязды ескерсек, өткізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды күшейту керек, сонымен қатар алдағы уақытта техникалық қауіпсіздікке бағытталған облыстардағы өндірістік қауіпсіздіктің нормативтік-құқықтық актін дайындау жұмыстарына кірісу керек", - дейді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар Б.Сағынтаев ТЖ жоюға бөлінген өңірлердегі қаражатты игеру деңгейіне көңілінің толмайтынын айтты. Оның айтуынша, оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлерде 106 қауіпті учаскі бар. Олар 496 елді-мекеннің коммуникациясы мен жол учаскілеріне қауіп төндіруде.

"Осыған орай, өткен жылғыдай біздің ақпан айында барлық облыс әкімдерінің қатысуымен үлкен селектор өткізіп, дайындықтың қалай өткізіліп жатқанын және олардың облыстық бюджеттен қалай қаражат бөлетінін қарауымыз керек. Сосын наурызда жылу жағдайында не істейтініміз жайлы қолымызда жоспар болуы керек", - деді Үкімет басшысының орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны